"Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8, 14-1, 14-2 баптарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысында 1 мың адамға шаққанда 818 шаршы метр есебінен халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қарағанды облысының әкімі | Е. Бөлекпаев |