Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысына, "Қарағанды облысын басқару схемасын бекіту туралы" Қарағанды облыстық мәслихатының 2026 жылғы 26 наурыздағы XXXIII кезектен тыс сессиясының №385 шешіміне, "Қарағанды облысы әкімдігінің 2024 жылғы 29 тамыздағы №53/03 "Қарағанды облысы атқарушы органдарының штат санының лимитін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2026 жылғы 30 наурыздағы №21/01 қаулысына, "Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарының құрылымын бекіту туралы" "Қарағанды облысы әкімінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы №133-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы" Қарағанды облысы әкімінің 2026 жылғы 30 наурыздағы №25-ө өкіміне сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қарағанды облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрылсын.
2. "Қарағанды облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органның басшысына заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қарағанды облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдауға міндетті.
4. "Қарағанды облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесін құру туралы" қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қарағанды облысының әкімі | Е. Бөлекпаев |
| Қарағанды облысы әкімдігінің 2026 жылғы "30" наурыздағы № 21/05 қаулысына қосымша |
"Қарағанды облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1 тарау. Жалпы ережелер
1. "Қарағанды облысының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады және Қарағанды облысының аумағында балалардың негізгі құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың құқықтарының бұзылуын профилактикалау және ерте анықтау, оларды қалпына келтіру және қорғау жөніндегі қызметті үйлестіруді, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарманың ведомствалары жоқ.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарма құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Әңгелбай Әлиханов көшесі, 19.
10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарма қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарма өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2 тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) Басқарма құзыреті шеңберінде Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімінің, облыс әкімінің орынбасарының тапсырмаларын орындау;
2) Қарағанды облысының аумағында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) балалардың құқықтарын қорғау, олардың құқықтарының бұзылуын профилактикалау және ерте анықтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету;
4) балалардың құқықтарының бұзылуының, оның ішінде қатыгездікпен қараудың, зорлық-зомбылықтың, қадағалаусыздықтың, суицидтік мінез-құлықтың және өзге де тәуекел факторларының алдын алу жөніндегі жүйелі ведомствоаралық жұмысты ұйымдастыру;
5) кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі мемлекеттің функцияларын орындауды қамтамасыз ету;
6) қорғаншылықта (қамқоршылықта), патронатта, қабылдаушы және кәсіби қабылдаушы отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балаларды қоса алғанда, балалардың жағдайына мониторинг жүргізу;
7) жеке адамға қарсы қылмыстар бойынша қылмыстық процесте кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
8) балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өңірлік бағдарламалар мен жоспарларды қалыптастыруға және іске асыруға қатысу.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген көлемде өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажетті құжаттарды, ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт жүйелерінің мемлекеттік органдары мен ұйымдарына, сондай-ақ кәмелетке толмағандар болатын өзге де ұйымдарға олардың құқықтарының сақталуын бағалау мақсатында кедергісіз баруға;
балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңестерді, жұмыс топтарын, комиссияларды өткізуге бастамашылық жасау;
анықталған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуын жою жөнінде жергілікті атқарушы органдарға, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ұсыныстар енгізу;
құзыреті шегінде балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қарауға міндетті ұсынымдар беру;
Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырыстарына, сондай-ақ өзге де алқалы органдардың отырыстарына қатысу;
балалардың құқықтарының бұзылуы фактілері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен тексерулер жүргізуді бастамашылық ету;
балалардың құқықтарын қорғауға байланысты мәселелерді қарау үшін мемлекеттік органдардың, ұйымдардың мамандарын, сондай-ақ сарапшыларды тарту;
балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, өңірлік бағдарламалар мен жоспарларды әзірлеуге қатысу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен кәмелетке толмағандардың мүдделерін соттарда және өзге де органдарда білдіру;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
2) міндеттері:
Қарағанды облысының аумағында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету;
балалардың құқықтарын қорғау, олардың құқықтарының бұзылуын алдын алу және ерте анықтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру;
кәмелетке толмағандардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдау;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі мемлекеттің функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
тәуекел тобына жататын, өмірлік қиын жағдайдағы, сондай-ақ қорғаншылықта (қамқоршылықта), патронатта, қабылдаушы және кәсіби қабылдаушы отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балалардың жағдайына мониторинг ұйымдастыру және жүргізу;
қорғауды және қолдауды қажет ететін балаларды сүйемелдеудің жеке жоспарларын әзірлеуді және іске асыруды қамтамасыз ету;
балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін объективті, толық әрі уақтылы қарауды қамтамасыз ету;
өмірлік қиын жағдайдағы отбасылар мен балаларға көмек көрсету кезінде ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау туралы заңнамасының талаптарын сақтау және кәмелетке толмағандар туралы мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз ету;
Басқарма қызметкерлерінің біліктілігін заңнамада белгіленген тәртіппен кемінде екі жылда бір рет арттыруды қамтамасыз ету;
Басқарманың қызметінде заңдылықты, ашықтықты және есептілікті қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де міндеттерді орындау.
15. Функциялары:
1) Қарағанды облысының аумағында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) құзыреті шегінде Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімінің және оның орынбасарларының тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді;
3) балалардың құқықтарын қамтамасыз ету, олардың құқықтарының бұзылуын алдын алу және ерте анықтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіреді;
4) кәмелетке толмағандар арасында қатыгездікпен қараудың, зорлық-зомбылықтың, қадағалаусыздықтың, құқық бұзушылықтардың және суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
5) кәмелетке толмағандарға қатысты мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын жүзеге асырады, оның ішінде заңнамада көзделген шешімдерді қабылдайды;
6) өмірлік қиын жағдайдағы немесе тәуекел тобындағы балалар мен отбасыларға көмек көрсетуді ұйымдастырады және жеке профилактикалық шараларды қолданады;
7) балалардың жағдайына тұрақты мониторинг жүргізеді, оның ішінде қорғаншылықта (қамқоршылықта), патронатта, қабылдаушы және кәсіби қабылдаушы отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балаларға кемінде алты айда бір рет баруды жүзеге асырады;
8) разрабатывает и реализует индивидуальные планы сопровождения детей, нуждающихся в защите и поддержке;
9) жеке тұлғаға қарсы қылмыстар бойынша қылмыстық процесс шеңберінде кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге қатысады;
10) өңірдегі балалардың құқықтарын қорғау жай-күйіне талдау жүргізеді және өңірлік саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
11) балалардың құқықтарын қорғау саласындағы өңірлік бағдарламалар мен жоспарларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
12) балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды және құзыреті шегінде шаралар қабылдайды;
13) балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша есепке алуды жүргізуді және есептілікті қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3 тарау. Мемлекеттік органның басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Басқарма басқаруды басшы жүзеге асырады, ол басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары бар.
19. Басқарма басшысының өкілеттіктері:
1) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етеді;
2) бөлім басшылары мен Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын ұйымдастырады және осы бағыттағы қызмет үшін дербес жауапкершілік көтереді;
4) заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелеу, материалдық көмек көрсету және тәртіптік жазалар қолдану мәселелерін шешеді;
6) бөлімдер туралы ережелерді және Басқарма қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
7) құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
8) Басқарманы мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда білдіреді;
9) белгіленген тәртіппен қаржы-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджет қаражатының ұтымды әрі нысаналы жұмсалуын бақылайды;
10) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар жобаларының және өзге де құжаттардың орындалу барысын бақылайды.
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Басқармаға бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.