Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы" 2014 жылғы 29 шілдедегі № 40/01 Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2723 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қарағанды облысының әкімі | Е. Бөлекпаев |
| Қарағанды облысы әкімдігінің 2026 жылғы 13 наурыздағы № 17/03 қаулысына қосымша |
|
| Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 40/01 қаулысына қосымша |
Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі
Ауылшаруашылығы жануарларының түрлері | Аурудың атауы |
Жануарлардың бірнеше түріне ортақ | трипаносомоздар |
Ірі қара мал | тейлериоз |
Жылқылар | сақау биелердің сальмонеллезді іш тастауы эпизоотиялық лимфангит |