БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 42 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9795 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
6) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"6) Мыналарға:
Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына, сондай-ақ энергетикалық жабдықты пайдалану кезінде техникалық және технологиялық нормалардың сақталуына;
энергетикалық жабдықты, электр станцияларын, электр желілерін, тұтынушылардың электр қондырғыларын қауіпсіз пайдалану жөніндегі талаптардың сақталуына;
электр энергиясын өндіру, беру, жабдықтау және тұтыну сенімділігі мен қауіпсіздігіне;
техникалық пайдалану қағидалары мен еңбек қауіпсіздігі қағидаларын білуге тексеруден өтпеген жұмыскерлердің электр қондырғыларында жұмыс істеуіне жол бермеуге немесе шеттетуге;
энергия өндіруші ұйымдардың (жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда), энергия беруші ұйымдардың және жүйелік оператордың жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын, оның ішінде күзгі-қысқы кезеңде дайындауға және жүзеге асыруға;
уәкілетті орган жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімде айқындалған іс-шаралардың орындалуына мемлекеттік энергетикалық бақылауды жүзеге асырады;";
8) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"8) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, тексеру, профилактикалық бақылау нысанында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;";
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
"9-1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес энергия беруші ұйымдарға қатысты берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізуді жүзеге асырады;";
мынадай мазмұндағы 33-1) тармақшамен толықтырылсын:
"33-1) электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны беруді, тоқтата тұруды, қайта бастауды, оның қолданысын кері қайтарып алуды жүзеге асырады;";
17 және 18-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"17. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің басшысымен лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.
18. Комитет төрағасымен лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Комитет төрағасының орынбасарлары болады.";
4) тармақша алып тасталсын;
5) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитеттің аумақтық органдарының басшыларын және Комитет қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдардан босатады;";
7) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"7) еңбек қатынастары мәселелері оның құзыретіне жатқызылған Комитет қызметкерлерін іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу, сыйлықақы беру, тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;";
7-1) тармақша алып тасталсын;
8) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"8) Комитеттің аумақтық органы басшысының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Комитеттің аумақтық органдарының қызметкерлеріне;
техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және Комитеттің аумақтық органының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн адамдарға;
еңбек шартының негізінде қызметін Комитеттің аумақтық органдарында жүзеге асыратын адамдарға материалдық көмек көрсету, сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық органы – тиісті облыс, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаменті туралы ережеде:
3) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"3) Мыналарға:
Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына, сондай-ақ энергетикалық жабдықты пайдалану кезінде техникалық және технологиялық нормалардың сақталуына;
энергетикалық жабдықты, электр станцияларын, электр желілерін, тұтынушылардың электр қондырғыларын қауіпсіз пайдалану жөніндегі талаптардың сақталуына;
электр энергиясын өндіру, беру, жабдықтау және тұтыну сенімділігі мен қауіпсіздігіне;
техникалық пайдалану қағидалары мен еңбек қауіпсіздігі қағидаларын білуге тексеруден өтпеген жұмыскерлердің электр қондырғыларында жұмыс істеуіне жол бермеуге немесе шеттетуге;
энергия өндіруші ұйымдардың (жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда), энергия беруші ұйымдардың және жүйелік оператордың жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын, оның ішінде күзгі-қысқы кезеңде дайындауға және жүзеге асыруға;
уәкілетті орган жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімде айқындалған іс-шаралардың орындалуына мемлекеттік энергетикалық бақылауды жүзеге асырады;";
5) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"5) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, тексеру, профилактикалық бақылау нысанында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;";
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес энергия беруші ұйымдарға қатысты берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізуді жүзеге асырады;";
18-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"18. Департамент басшысын Комитеттің төрағасы лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.";
20-тармақтың 3) және 4) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
"3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Департамент қызметкерлеріне;
техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және Департаменттің жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн адамдарды;
жұмысқа қабылдауды және еңбек шартын тоқтатуды жүзеге асырады, еңбек демалысын беру, іссапарға жіберу, тәртіптік жауапкершілікке тарту, үстемеақы төлеу, лауазымдарға тағайындау және лауазымдардан босату мәселелерін шешеді;
4) Комитет төрағасына:
Департамент қызметкерлеріне;
техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және Департаменттің жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн адамдарға;
еңбек шартының негізінде қызметін Департаментте жүзеге асыратын адамдарға материалдық көмек көрсету, сыйлықақы беру туралы ұсыныс енгізеді;".
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің және Комитеттің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің міндетін атқарушы |
Е. Ақкенженов |