"Мотор майларын таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 19 қаңтардағы № 29-н/қ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 10 шiлдедегi № 262-н/қ бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.09.2026 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мотор майларын таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 19 қаңтардағы № 29-н/қ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Жағармай майларының, жағармай материалдарының және арнайы автомобиль сұйықтықтарының жекелеген түрлерін таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшерін айқындау туралы";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Жағармай майларының, жағармай материалдарының және арнайы автомобиль сұйықтықтарының жекелеген түрлерін таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшері қосылған құн салығынсыз бірлік үшін 4,7 теңге мөлшерінде айқындалсын."

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ-химия және техникалық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Е. Аккенженов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 19 января 2026 года № 29-н/қ "Об определении предельного размера стоимости контрольного (идентификационного) знака, средства идентификации, применяемых в маркировке моторных масел"

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 10 июля 2026 года № 262-н/қ

      Примечание ИЗПИ!
      Вводится в действие с 01.09.2026.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 19 января 2026 года № 29-н/қ "Об определении предельного размера стоимости контрольного (идентификационного) знака, средства идентификации, применяемых в маркировке моторных масел" следующие изменения:

      заголовок изложить в новой редакции:

      "Об определении предельного размера стоимости контрольного (идентификационного) знака, средства идентификации, применяемых в маркировке отдельных видов смазочных масел, смазочных материалов и специальных автомобильных жидкостей";

      пункт 1 изложить в новой редакции:

      "1. Определить предельный размер стоимости контрольного (идентификационного) знака, средства идентификации, применяемых в маркировке отдельных видов смазочных масел, смазочных материалов и специальных автомобильных жидкостей", в размере 4,7 тенге за единицу без налога на добавленную стоимость.".

      2. Департаменту нефтегазохимии и технического регулирования Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего приказа направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан; 

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после подписания настоящего приказа обеспечить представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 сентября 2026 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр энергетики
Республики Казахстан
Е. Аккенженов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство торговли и интеграции
Республики Казахстан