ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
"Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 7) тармақшасына және 20-бабының 2-3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ірі коммерциялық тұтынушыларға, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға немесе цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғаларға кейіннен өткізуге арналған Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2026 жылғы 1 шілдеден бастап 2027 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Е. Аккенженов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Республикасы Энергетика министрі 2026 жылғы 30 маусымдағы № 249-н/қ бұйрығымен бекітілген |
Ірі коммерциялық тұтынушыларға, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға немесе цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғаларға кейіннен өткізуге арналған Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2026 жылғы 1 шілдеден бастап 2027 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағалары
№ | Өңір | Қосылған құн салығын есепке алмағанда, бір мың текше метрі үшін шекті бағасы теңгемен |
1. | Астана қаласы | 72 846 (жетпіс екі мың сегіз жүз қырық алты) |
2. | Алматы қаласы | 76 686 (жетпіс алты мың алты жүз сексен алты) |
3. | Шымкент қаласы | 71 122 (жетпіс бір мың бір жүз жиырма екі) |
4. | Ақмола облысы | 72 846 (жетпіс екі мың сегіз жүз қырық алты) |
5. | Ақтөбе облысы | 54 933 (елу төрт мың тоғыз жүз отыз үш) |
6. | Алматы облысы | 76 686 (жетпіс алты мың алты жүз сексен алты) |
7. | Атырау облысы | 41 993 (қырық бір мың тоғыз жүз тоқсан үш) |
8. | Батыс Қазақстан облысы | 55 365 (елу бес мың үш жүз алпыс бес) |
9. | Жамбыл облысы | 70 639 (жетпіс мың алты жүз отыз тоғыз) |
10. | Жетісу облысы | 76 686 (жетпіс алты мың алты жүз сексен алты) |
11. | Қарағанды облысы | 72 846 (жетпіс екі мың сегіз жүз қырық алты) |
12. | Қостанай облысы | 62 951 (алпыс екі мың тоғыз жүз елу бір) |
13. | Қызылорда облысы | 59 179 (елу тоғыз мың бір жүз жетпіс тоғыз) |
14. | Маңғыстау облысы | 57 649 (елу жеті мың алты жүз қырық тоғыз) |
15. | Түркістан облысы | 71 122 (жетпіс бір мың бір жүз жиырма екі) |
16. | Ұлытау облысы | 72 846 (жетпіс екі мың сегіз жүз қырық алты) |
17. | Шығыс Қазақстан облысы | 13 069 (он үш мың алпыс тоғыз) |