ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 42 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9795 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
орыс тіліндегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке заңдармен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, онда алынған кіріс мемлекеттік бюджетке жіберіледі.";
14-тармақтың 2) тармақшасының бесінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.";
15-тармақтың 23) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"23) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жылу энергетикасы объектілері мен жылу желілерінің жай-күйі туралы ақпаратты жинауды, өзектілендіруді және жариялауды қоса алғанда, жылу энергетикасының жай-күйіне тұрақты мониторингті жүзеге асырады;";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық органы – тиісті облыс, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаменті туралы ережеде:
12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"12. Департаментке кәсіпкерлік субъектілерімен Департаменттің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Департаментке заңдармен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, онда алынған кіріс мемлекеттік бюджетке жіберіледі.";
15-тармақтың 16) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"16) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жылу энергетикасы объектілері мен жылу желілерінің жай-күйі туралы ақпаратты жинауды, өзектілендіруді және жариялауды қоса алғанда, жылу энергетикасының жай-күйіне тұрақты мониторингті жүзеге асырады;".
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің және Комитеттің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының үшінші және төртінші абзацын қоспағанда, ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
Е. Ақкенженов |