"Мемлекеттің ұсынылатын және (немесе) іске асырылатын жобалары мен бастамаларына халықтың кері байланысын жинау және бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 17-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 31 шiлдедегi № 371-НҚ бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттің ұсынылатын және (немесе) іске асырылатын жобалары мен бастамаларына халықтың кері байланысын жинау және бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 17-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33916 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттің ұсынылатын және (немесе) іске асырылатын жобалары мен бастамаларына халықтың кері байланысын жинау және бағалау әдістемесінде:

      2-тармақтың 5), 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) интернет-конференциялар – Қазақстан Республикасының азаматтары өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қоятын және ұсыныстарымен бөлісетін ашық диалог интернет-порталының сервисі;

      6) нормативтік құқықтық акт (бұдан әрі – НҚА) – жалпыхалықтық референдумда қабылданған не уәкілетті орган қабылдаған, құқық нормаларын белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, толықтыратын, тоқтататын немесе тоқтата тұратын, белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат;

      7) сауалнамалар – мемлекеттік органдар жетекшілік ететін салалардағы (аялардағы) қандай да бір мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарға сауалнама жүргізуді жүзеге асыратын ашық диалог интернет-порталының сервисі;";

      2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Бюджеттік бағдарламалар паспорттарына және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерге келіп түскен түсініктемелер, ескертулер мен (немесе) ұсыныстар нысанасына ашық бюджеттер интернет-порталының мониторингі";

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ашық бюджеттердің интернет-порталында бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерге жария талқылауды жүргізеді.

      10. Бюджеттік бағдарламалар паспорттарын және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді орналастыру кезінде мемлекеттік органдар-бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері халықты жария талқылаулар өткізу мерзімдері туралы хабардар етуге бағытталған ақпараттық хабарламаларды орналастырады және жария талқылаудың белгіленген мерзімі ішінде ұсыныстар және (немесе) ескертулер жинауды қамтамасыз етеді.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Мемлекеттік органдар жолданымдар шеңберінде көтерілген Қазақстан Республикасының азаматтардың проблемалық мәселелеріне талдау жүргізеді және оларға сәйкес интернет-конференциялар мен сауалнамаларды одан әрі құру үшін тақырыптар тізбесін қалыптастырады.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Мемлекеттік органдардың келіп түскен ұсыныстармен және (немесе) ескертулермен жұмысының қорытындылары бойынша уәкілетті орган мемлекеттік органның кері байланыс көрсеткішін мынадай формула бойынша есептейді:

     


      F – мемлекеттік орган бойынша кері байланыстың қорытынды көрсеткіші;

      В – қабылданған ескертулер және (немесе) ұсыныстар саны;

      С – келіп түскен ескертулердің және (немесе) ұсыныстардың жалпы саны;

      E – Қазақстан Республикасының азаматтардың жауап берілген түсініктемелерінің саны;

      G– Қазақстан Республикасының азаматтардан келіп түскен түсініктемелердің жалпы саны.

      Мемлекеттің жобалары мен бастамаларына Қазақстан Республикасының азаматтардан түсініктемелер және (немесе) ескертулер мен ұсыныстар түспеген жағдайларда, түсініктемелер (E/G) немесе ескертулер мен ұсыныстар (B/C) бойынша қатынас 1-ге (бірлік) тең болады.".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

О внесении изменений в приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 16 января 2024 года № 17-НҚ "Об утверждении Методики сбора и оценки обратной связи населения на предлагаемые и (или) реализуемые проекты и инициативы государства"

Приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра культуры и информации Республики Казахстан от 31 июля 2026 года № 371-НҚ

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 16 января 2024 года № 17-НҚ "Об утверждении Методики сбора и оценки обратной связи населения на предлагаемые и (или) реализуемые проекты и инициативы государства" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 33916) следующие изменения:

      в Методике сбора и оценки обратной связи населения на предлагаемые и (или) реализуемые проекты и инициативы государства, утвержденной указанным приказом:

      подпункты 5), 6) и 7) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "5) интернет-конференции – сервис интернет-портала открытого диалога, где граждане Республики Казахстан задают интересующие вопросы и делятся предложениями;

      6) нормативный правовой акт (далее – НПА) – письменный официальный документ установленной формы, принятый на всенародном референдуме либо уполномоченным органом, устанавливающий нормы права, изменяющий, дополняющий, прекращающий или приостанавливающий их действие;

      7) опросы – сервис интернет-портала открытого диалога, где государственными органами осуществляется анкетирование граждан Республики Казахстан по тем или иным вопросам в курируемых сферах (отраслях);";

      заголовок параграфа 2 изложить в следующей редакции:

      "Параграф 2. Мониторинг интернет-портала открытых бюджетов на предмет поступивших к паспортам бюджетных программ и отчетам о реализации бюджетных программ комментариев, замечаний и (или) предложений";

      пункты 9 и 10 изложить в следующей редакции:

      "9. Государственные органы проводят публичные обсуждения паспортов бюджетных программ и отчетов о реализации бюджетных программ на интернет-портале открытые бюджеты в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

      10. При размещении паспортов бюджетных программ и отчетов о реализации бюджетных программ, государственные органы-администраторы бюджетных программ размещают информационные сообщения, направленные на оповещение населения о сроках проведения публичных обсуждений, и обеспечивают сбор предложений и (или) замечаний в течение установленного срока публичного обсуждения.";

      пункт 17 изложить в следующей редакции:

      "17. Государственные органы проводят анализ проблемных вопросов граждан Республики Казахстан, поднятых в рамках обращений, и формируют в соответствии с ними перечень тематик для дальнейшего создания интернет-конференций и опросов.";

      пункт 22 изложить в следующей редакции:

      "22. По итогам работы государственных органов с поступившими предложениями и (или) замечаниями уполномоченным органом рассчитывается показатель обратной связи государственного органа по следующей формуле:

     


      F – итоговый показатель обратной связи по государственному органу;

      В – количество принятых замечаний и (или) предложений;

      С – общее количество поступивших замечаний и (или) предложений;

      E – количество комментариев граждан Республики Казахстан, на которые были предоставлены ответы;

      G – общее количество поступивших комментариев граждан Республики Казахстан.

      В тех случаях, когда к проектам и инициативам государства не поступает комментариев и (или) замечаний и предложений от граждан Республики Казахстан, отношение по комментариям (E/G) или замечаниям и предложениям (B/C) равняется 1 (единице).".

      2. Департаменту развития коммуникаций государства и общества Министерства культуры и информации Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего приказа направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства культуры и информации Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра культуры и информации Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Заместитель Премьер-Министра-Министр
культуры и информации Республики Казахстан
А. Балаева