Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 74-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылым объектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық трансформация саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
2) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі |
Ж. Мәдиев |
| бұйрығымен бекітілген |
"Цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылым объектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидалары
1. Осы "Цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылым объектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидалары Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 74-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылым объектілерінің тізбесін қалыптастыру тәртібін анықтайды (бұдан әрі – Қағидалар).
2. Осы Қағидалар мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аппараттық-бағдарламалық кешен (бұдан әрі – АБК) – белгілі бір типтегі міндеттерді шешу үшін бірлесіп қолданылатын бағдарламалық қамтыуы мен техникалық құралдардың жиынтығы;
2) Архитектуралық-үйлестіру орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, мемлекеттік органдардың, мемлекеттік заңды тұлғалардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару процестеріне қатысатын өзге де ұйымдардың цифрлық архитектурасының тұтастығын, үйлесімділігін және тиімділігін қамтамасыз ететін заңды тұлға;
3) мемлекеттің цифрлық архитектурасы – цифрлық шешімдерді келісілген дамытуды, интеграциялауды және стандарттауды қамтамасыз ету мақсатында цифрлық форматта қалыпқа келтірілген және ұсынылған, мемлекеттің жұмыс істеу мақсаттарына, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың салалары (аялары) бойынша міндеттеріне, функциялары мен процестеріне қол жеткізу үшін құрылатын және пайдаланылатын цифрлық объектілердің, цифрлық деректердің кешенді сипаттамасы;
4) мемлекеттің цифрлық объектілерінің архитектуралық порталы (бұдан әрі – архитектуралық портал) – цифрландыру саласындағы мониторинг, талдау және жоспарлау үшін мемлекеттік органдардың одан әрі пайдалануы мақсатында мемлекеттің цифрлық объектілері, мемлекеттің цифрлық архитектурасы, платформалық бағдарламалық өнімдер туралы мәліметтерді есепке алуды, сақтауды және жүйелеуді жүзеге асыруға арналған цифрлық объект;
5) платформалық бағдарламалық өнім (бұдан әрі – ПБӨ) – әзірленген және "цифрлық үкімет" платформасында орналастырылған бағдарламалық қамтылым;
6) цифрландыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – цифрландыру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
7) цифрлық жүйе – цифрлық деректерді құруды, жинауды, өңдеуді, сақтауды және таратуды қамтамасыз ету мақсатында цифрлық инфрақұрылым объектілерін пайдаланатын, сондай-ақ цифрлық орта субъектілерінің өзара іс-қимылын автоматтандыратын және (немесе) цифрлық ортада қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін функционалдық байланысты цифрлық ресурстар кешені;
8) цифрлық инфрақұрылым объектілері – цифрлық объектілерді орналастыруды және олардың жұмыс істеу ортасын қамтамасыз ететін материалдық, техникалық және технологиялық құралдардың жиынтығы;
9) "цифрлық үкіметтің" операторы (бұдан әрі – оператор) – "цифрлық үкімет" цифрлық объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға.
2 тарау. "Цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру тәртібі
3. Мемлекеттік орган "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылым объектісін (бұдан әрі – объект) "Цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылым объектілерінің тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) енгізу үшін уәкілетті органға келесі құжаттарды ұсына отырып, осы Қағиданың 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш жібереді:
1) цифрлық жүйені, ПБӨ Тізбеге қосу кезінде:
осы цифрлық жүйенің, ПБӨ көмегімен электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі немесе осы цифрлық жүйенің, ПБӨ көмегімен автоматтандырылатын мемлекеттік органдардың функцияларының тізбесі;
осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру кезінде цифрлық инфрақұрылым объектілерін іріктеу өлшемшарттарына (бұдан әрі – өлшемшарттар) цифрлық жүйенің, ПБӨ сәйкестігі туралы ақпарат.
2) АБК Тізбеге қосу кезінде:
АБК тіркелген пайдаланушылар саны туралы мәліметтер;
АБК арқылы мемлекеттік органның пайдаланушылары өзара іс-қимыл жасайтын цифрлық жүйелердің тізбесі;
әрбір бөлімше (мемлекеттік органдар, ведомстволық бағынысты ұйымдар, аумақтық бөлімшелер) бойынша АБК пайдаланушылардың түпкілікті санын көрсете отырып, АБК-ні пайдаланатын мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде аумақтық бөлімшелерінің тізімі;
мемлекеттік органда пайдалануға рұқсат етілген бағдарламалық қамтылымның тізімі;
АБК өлшемшарттарына сәйкестігі туралы ақпарат.
Бұл ретте мемлекеттік органдар архитектуралық порталда цифрлық объектілер туралы мәліметтерді және оларға қатысты техникалық құжаттаманы Кодекстің 68-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін мемлекеттің цифрлық архитектурасын қалыптастыру, дамыту және мониторингтеу қағидаларына сәйкес орналастыруды қамтамасыз етеді.
4. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген мемлекеттік орган ұсынған құжаттарды тексереді және өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде объектінің мемлекеттің цифрлық архитектурасында бар немесе жоқ екендігі туралы ақпаратты, сондай-ақ архитектуралық порталда орналастырылған объектілер туралы мәліметтерді алу үшін оларды Архитектуралық-үйлестіру орталығына жібереді.
5. Архитектуралық-үйлестіру орталығы өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға объектінің мемлекеттің цифрлық архитектурасында бар немесе жоқ екендігі туралы ақпаратты ұсынады, сондай-ақ архитектуралық порталда объекті туралы келесі мәліметтердің орналастырылғанын растайды:
1) цифрлық жүйені, ПБӨ Тізбеге қосу кезінде:
сипаттама;
техникалық құжаттаманың көшірмесі;
өнеркәсіптік пайдалануға тапсыру туралы құжат;
цифрлық жүйенің тіркелген пайдаланушыларының саны туралы мәліметтер;
цифрлық жүйені, ПБӨ пайдаланатын мемлекеттік органдардың саны және цифрлық жүйе, ПБӨ енгізілген объектілердің саны (мемлекеттік органдар, ведомстволық бағынысты ұйымдар, аумақтық бөлімшелер);
киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтардың оң хаттамаларының көшірмесі (егер цифрлық жүйе даму сатысында болған жағдайда, мерзімі өткен сынақтар хаттамалары).
2) АБК Тізбеге қосу кезінде:
АБК сипаттамасы;
АБК техникалық сипаттамалары.
6. Уәкілетті орган объектіні келесі негіздер бойынша енгізуден бас тартады:
1) егер объект өлшемшарттарға сәйкес іріктеу қорытындысы бойынша үш және одан көп балл жинамаса. Бұл ретте әрбір өлшемшартта кемінде бір балл жинау қажет;
2) объектінің "цифрлық үкімет" архитектурасына сәйкес болмауы;
3) осы Қағидалардың 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген архитектуралық порталда объект туралы орналастырылған мәліметтердің болмауы.
7. Уәкілетті орган Архитектуралық-үйлестіру орталығынан ақпарат алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде шешім қабылдайды және өзінің шешімі туралы мемлекеттік органға хабар береді:
1) объектіні Тізбеге енгізу туралы;
2) бас тарту себептерін көрсете отырып, объектті Тізбеге енгізуден бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
8. Объектіні Тізбеге енгізу туралы шешім қабылданған жағдайда, уәкілетті орган осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттардың тізбесін қоса бере отырып, қабылданған шешім туралы операторды бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.
9. Уәкілетті орган объектіні Тізбеге енгізу туралы шешімнің негізінде бес жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті бұйрықты әзірлеу рәсімін жүзеге асырады.
10. Мемлекеттік орган Тізбеге енгізілген объектіні пайдалану тоқтатылған жағдайда, осы объектіні Тізбеден алып тастау үшін Кодекстің 84-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін "цифрлық үкімет" цифрлық объектісінің қолданыста болу циклінің кезеңдерін іске асыру қағидаларына сәйкес растайтын құжаттарды он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жолдайды.
11. Уәкілетті орган объектіні пайдаланудың тоқтатылғаны туралы ұсынылған құжаттардың дұрыстығын он жұмыс күні ішінде тексереді және бес жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті бұйрықты әзірлеу рәсімін жүзеге асырады.
| "Цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылым объектілерінің тізбесін қалыптастыру |
|
| қағидаларына 1-қосымша | |
| Нысан | |
| Кімге_______________________ | |
| (цифрландыру саласындағы | |
| уәкілетті органның атауы) |
Өтініш
"цифрық үкіметтің" цифрлық объектілердің тізбесіне қосу
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(уәкілетті органның атауы)
сұрайды
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
("цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылым объектісінің атауы)
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінін аты (болған кезде), қолы, күні)
Мөрге арналған орын
| "Цифрлық үкіметтің" цифрлық | |
| инфрақұрылым объектілерінің | |
| тізбесін қалыптастыру қағидаларына 2-қосымша |
"Цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру кезінде цифрлық инфрақұрылым объектілерін іріктеу өлшемшарттары
№ | Өлшемшарт атауы | Нұсқалары | |
1 | Цифрлық жүйенің және (немесе) ПБӨ және (немесе) аппараттық-бағдарламалық кешеннің (бұдан әрі – АБК) ауқымы | ||
1.1. | Цифрлық жүйенің және (немесе) ПБӨ және (немесе) АБК - нің тіркелген пайдаланушылары 1-ден астам орталық мемлекеттік органның (бұдан әрі – ОМО) қызметкерлері болып табылады. | 1 | 0 |
1.2. | Цифрлық жүйенің және (немесе) ПБӨ және (немесе) АБК-нің тіркелген пайдаланушылары бір ОМО-ның барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарының және аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері (болған жағдайда) болып табылады. | 1 | 0 |
1.3. | 1-ден астам ОМО цифрлық жүйесі деректерді алу үшін осы цифрлық жүйемен және (немесе) ПБӨ интеграцияланған және деректерді тұрақты негізде пайдаланады | 1 | 0 |
1.4. | Барлық ведомстволық бағынысты ұйымдардың және бір ОМО-ның 20 аумақтық бөлімшелерінің цифрлық жүйесі және (немесе) ПБӨ (болған жағдайда) деректерді алу үшін осы цифрлық жүйемен және (немесе) ПБӨ интеграцияланған және оларды тұрақты негізде пайдаланады | 1 | 0 |
2 | Цифрлық жүйенің және (немесе) ПБӨ және (немесе) АБК санаты | ||
2.1. | Цифрлық жүйе және (немесе) ПБӨ және (немесе) АБК эталондық сақтау орны не жекелеген санаттар, азаматтар немесе олардың мүлкі туралы деректер үшін сақтау құралы болып табылады. | 1 | 0 |
2.2. | Цифрлық жүйе және (немесе) ПБӨ және (немесе) АБК эталондық сақтау орны не мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде азаматтардан талап етілетін басқа да бастапқы деректерді сақтау құралы болып табылады. | 1 | 0 |
2.3. | Цифрлық жүйе және (немесе) ПБӨ және (немесе) АБК 3-тен астам электрондық мемлекеттік қызметті ұсыну үшін іске қосылған немесе жағдай жасайды. | 1 | 0 |
2.4. | Цифрлық жүйе және (немесе) ПБӨ және (немесе) АБК мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының электрондық-цифрлық қолтаңбасының жабық кілттері бар ақпарат жеткізгіштерді пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын және оларды санкцияланбаған қол жеткізуден қорғауды қамтамасыз етеді. | 1 | 0 |
2.5. | Цифрлық жүйе және (немесе) ПБӨ және (немесе) АБК Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірыңғай көліктік ортасында жұмыс істейді. | 1 | 0 |
3 | Цирфлық жүйені және (немесе) ПБӨ және (немесе) АБК пайдаланушылардың саны | ||
3.1. | Цифрлық жүйеде және (немесе) ПБӨ 1000-нан астам белсенді тіркелген пайдаланушылар бар | 1 | 0 |
3.2. | Цифрлық жүйенің және (немесе) ПБӨ және (немесе) АБК-нің бастапқы деректерін 100 000-нан астам адам пайдаланады. | 1 | 0 |
3.3. | Цифрлық жүйеге және (немесе) ПБӨ және (немесе) АБК-ге Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік қызметшілерінің кемінде 50%-ы қосылған | 1 | 0 |
3.4. | Мемлекеттік органның барлық пайдаланушылары АБК құрамдас бөліктерін пайдаланады | 1 | 0 |