Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сарқан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы "Cарқан ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 16-64 шешіміне өзгерістер енгізу туралы 2026 жылғы 29 сәуірдегі № 58-222 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №224913 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сарқан аудандық мәслихатының төрағасы | М.Разбеков |