Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабы 5 – тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 – бабының 3) тармақшасына сәйкес, Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Панфилов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
1. Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Шолақай ауылдық округі, Жиделі ауылының шекарасы орман шаруашылығы мақсатындағы 11394,5 гектар жерді қосу арқылы өзгертіліп, жалпы көлемі 11478,5 гектар болып, қоса берілген жерлердің экспликациясына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Керимбековке және Панфилов аудандық мәслихатының бюджет және экономика, агралық, кәсіпкерлік, өндіріс, жол, құрылыс мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Аудандық мәслихат төрағасының өкілеттігін уақытша атқарушы |
А.Дарубаева |
| Аудан әкімі | М.Сағымбек |
| Панфилов аудандық мәслихатының 2026 жылғы 9 сәуірдегі № 8-58-250 шешіміне |
|
| және Панфилов ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 9 cәуірдегі № 115 қаулысына қосымша |
Жетісу облысы Панфилов ауданы Жиделі ауылының шегін кеңейту жөніндегі ЭКСПЛИКАЦИЯСЫ
№ | Атауы | Есептік кварталы | Жалпы ауданы, гектар | Оның ішінде : | ||||
Егістік | Оның ішінде : |
көпжылдық | шабындық | жайылым | ||||
Суармалысы | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
1 | Панфилов аудандық мәслихатының 2015 жылғы 04 науырыздағы №5-44-308 шешімі негізінде Жиделі ауылы бойынша жер көлемі | 84 | ||||||
2 | Жиделі елді мекенін кеңейтуге берілген жер көлемі | 11394,5 | ||||||
3 | Жиделі елді мекенін кеңейтілгеннен | 11478,5 | ||||||