"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ескелді аудандық мәслихатының 2026 жылғы 26 қаңтардағы № 57-167 "Ескелді ауданы бойынша 2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 221814 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасы | Қ.Сатанов |