Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұлытау облысы дін істері басқармасының "Діндерді зерттеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Ұлытау облысы әкімдігінің 2026 жылғы 8 сәуірдегі №32/01 "Ұлытау облысы дін істері басқармасының "Діндерді зерттеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарын айқындау туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұлытау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
| Ұлытау облысының әкімі | Д. Рыспеков |
| Ұлытау облысы әкімдігінің 2026 жылғы " 21 " мамырдағы №48/01 қаулысына қосымша |
Ұлытау облысы дін істері басқармасының "Діндерді зерттеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Бұл тәртіптер мен шарттар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы тәртіптер мен шарттардың қолданысы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Ұлытау облысы дін істері басқармасының "Діндерді зерттеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлеріне қолданылады.
3. Ынталандыру үстемеақылары жұмыскерлердің лауазымдық міндеттерін уақтылы, сапалы және тиімді орындауға материалдық мүдделілігін арттыру, білікті кадрлық құрамды сақтау, сондай-ақ мекеменің тұрақты қызметін қамтамасыз ету мақсатында белгіленеді.
4. Ынталандыру үстемеақыларын қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
5. Ынталандыру үстемеақысы ынталандыру сипатындағы төлем болып табылады және құқықтық негіздер мен бюджет қаражаты болған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, еңбекақы төлеу жүйесінде және жұмыс берушінің актілерінде көзделген өзге де төлемдерді алмастырмайды.
2-тарау. Ынталандыру үстемеақыларын белгілеу шарттары
6. Ынталандыру үстемеақылары мекеме жұмыскерлеріне лауазымдық айлықақының 100% мөлшерінде белгіленеді.
7. Ынталандыру үстемеақысы мынадай шарттар сақталған кезде белгіленеді:
1) тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте және мекеменің қаржыландыру жоспарында көзделген қаражаттың болуы;
2) жұмыскердің лауазымдық міндеттерін тиісінше орындауы;
3) жұмыскердің еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтауы;
4) алынбаған тәртіптік жазаның болмауы;
5) жұмыскердің мекеменің функциялары мен міндеттерін нақты орындауы.
8. Ынталандыру үстемеақысын белгілеу кезінде ескерілетін көрсеткіштер мыналар болып табылады:
1) лауазымдық міндеттерді сапалы және уақтылы орындау;
2) тиісті кезеңдегі жұмыста оң нәтижелерге қол жеткізу;
3) ерекше маңызды, шұғыл немесе күрделі тапсырмаларды орындау;
4) діни тұрақтылықты қамтамасыз етуге, діни экстремизмнің алдын алуға және ақпараттық-түсіндіру жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды іске асыруға қатысу;
5) мекеме қызметіне байланысты қосымша жұмыс көлемін орындау;
6) лауазымдық міндеттерді орындау кезінде кәсіби құзыреттілік, бастамашылдық және жауапкершілік таныту.
9. Ынталандыру үстемеақысы мынадай жағдайларда белгіленбейді және төленбейді:
1) сынақ мерзіміндегі жұмыскерлерге;
2) алынбаған тәртіптік жаза болған кезде;
3) жұмыскердің уақытша еңбекке жарамсыздығы кезеңінде;
4) жалақы сақталмайтын демалыс кезеңінде;
5) оқу демалысы кезеңінде;
6) жүктілікке және босануға байланысты демалыс, жаңа туған баланы асырап алған жұмыскерлерге берілетін демалыс кезеңінде;
7) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс кезеңінде;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыскердің жалақысы сақталмайтын өзге де жағдайларда.
10. Осы тәртіптер мен шарттардың 10-тармағында көзделген мән-жайлар туындаған кезде ынталандыру үстемеақысын төлеу мекеме басшысының бұйрығы негізінде тиісті кезеңге тоқтатыла тұрады.
3-тарау. Ынталандыру үстемеақыларын белгілеу, төлеу, қайта қарау және тоқтату тәртібі
11. Ынталандыру үстемеақысы Ұлытау облысы дін істері басқармасының "Діндерді зерттеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрығымен белгіленеді.
12. Ынталандыру үстемеақысын белгілеу үшін негіз болып мыналар табылады:
1) жұмыскердің тікелей басшысының ұсынуы;
2) не мекеменің жауапты лауазымды адамының қызметтік жазбасы;
3) не жұмыскердің лауазымдық міндеттерін орындауын бағалау нәтижелері бойынша қабылданған мекеменің бірінші басшысының шешімі.
13. Ұсынуда немесе қызметтік жазбада мыналар көрсетіледі:
1) жұмыскердің тегі, аты, әкесінің аты;
2) атқаратын лауазымы;
3) ынталандыру үстемеақысын белгілеу негіздері;
4) ынталандыру үстемеақысын белгілеу ұсынылатын кезең;
5) алынбаған тәртіптік жазаның жоқтығы туралы мәліметтер.
14. Мекеме басшысы ұсынуды немесе қызметтік жазбаны қарайды және мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) ынталандыру үстемеақысын белгілеу туралы;
2) бас тарту негіздерін көрсете отырып, ынталандыру үстемеақысын белгілеуден бас тарту туралы.
15. Ынталандыру үстемеақысын белгілеуден бас тарту үшін негіздер мыналар болып табылады:
1) тиісті төлемдерге көзделген бюджет қаражатының болмауы;
2) жұмыскердің осы тәртіптер мен шарттарда көзделген шарттарға сәйкес келмеуі;
3) алынбаған тәртіптік жазаның болуы;
4) ұсынуда немесе қызметтік жазбада толық емес немесе анық емес мәліметтердің ұсынылуы.
16. Ынталандыру үстемеақысы нақты жұмыс істеген уақыт үшін жалақы төлеумен бір мезгілде ай сайын төленеді.
17. Мекеме кезекті қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімді қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен еңбекақы төлеу қорының тиісті есеп-қисаптарын қоса бере отырып, жұмыскерлердің лауазымдық айлықақыларына лауазымдық айлықақының 100% мөлшерінде ынталандыру үстемеақыларын төлеуге арналған шығыстарды жыл сайын көздейді.
18. Ынталандыру үстемеақысын төлеу мекеме басшысының бұйрығы негізінде мынадай жағдайларда тоқтатылады:
1) жұмыскермен еңбек шарты тоқтатылған кезде;
2) жұмыскерге тәртіптік жаза қолданылған кезде — тәртіптік жазаның қолданылу кезеңіне;
3) мекеменің қаржыландыру жоспарында көзделген қаражат болмаған кезде;
4) осы тәртіптер мен шарттардың 10-тармағына сәйкес ынталандыру үстемеақысы төленбейтін мән-жайлар туындаған кезде.
19. Тәртіптік жаза алынған немесе оның қолданылу мерзімі өткен жағдайда ынталандыру үстемеақысын төлеуді қайта бастау мәселесі осы тәртіптер мен шарттарда белгіленген тәртіппен қаралады.
20. Ынталандыру үстемеақыларын есептеудің және төлеудің дұрыстығын бақылауды мекеме басшысы, мекеменің бухгалтерлік қызметі және мемлекеттік басқару органы өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.