"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 28-бабының 4 және 6 – тармақтарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 – баптарына сәйкес, Талас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1."Сайлау кезеңінде барлық кандидаттар үшін үгіт-насихаттық баспа өнімдерін орналастыру орындарын анықтау туралы" Талас ауданы әкімдігінің 2026 жылдың 02 маусымдағы № 01-126 қаулысының қосымшасымен бекітілген сайлау кезеңінде барлық кандидаттар үшін баспа үгіт материалдарын орналастыру орындарының тізбесіне келесідей толықтырулар енгізілсін:
Қосымша белгіленген орындар:
1. Қаратау қаласы, М.Әуезов көшесі атындағы орта мектебі аумағында орналасқан тақта;
2. Қаратау қаласы, Қ.Қошманбетов және Т.Тәттібаев көшелерінің қиылысы аумағында орналасқан тақта;
3. Қаратау қаласы, А.Пушкин атындағы орта мектебінің аумағында орналасқан тақта.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Н. Жүнісбеков |