2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 27 қаңтардағы № 68 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген) сәйкес Жамбыл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Жамбыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Мақпал Сатыбалдықызы Досымбековаға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін енгізіледі.

      Жамбыл ауданының әкімі Е. Қыдыралыұлы
      Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ж. Телеуов

  Жамбыл ауданы әкімдігінің
  2026 жылғы "___" қаңтардағы
  № ______қаулысына
  қосымша

      2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мекеменің атауы

Қызмет түрлері

Бір қызмет алушыға шаққандағы күндік тариф (теңгемен)

1.

Үкіметтік емес ұйымдар

үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

2613








Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг на 2026 год

Постановление акимата Жамбылского района Жамбылской области от 27 января 2026 года № 68

      В соответсвии с Социальным кодексом Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Заместителя Премьер-Министра – Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 281 "Об утверждении правил и методики формирования тарифов на специальные социальные услуги" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 32987) акимат Жамбылского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить тарифы на оказание специальных социальных услуг на 2026 год согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Коммунальному государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ акимата Жамбылского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии в электронном виде на государственном и русском языках в филиал республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции по Жамбылской области для официального опубликования и включения в эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Жамбылского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Досымбековой Макпал Сатыбалдиевне.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования до 31 декабря 2026 года.

      Аким Жамбылского района Е. Кыдыралыулы
      Руководитель отдела занятости и социальных программ акимата Жамбылского района Ж. Телеуов

  Приложение
  к постановлению №_______
  акимата Жамбылского района
  от "____" января 2026 года

Тарифы на оказание специальных социальных услуг на 2026 год

Наименование учреждения, оказывающие специальные социальные услуги

Виды услуг

Тариф на одного получателя услуг в день (в тенге)

1.

Неправительственные организации

в условиях ухода на дому

2613