2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтерді бекіту туралы

Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 5 ақпандағы № 460 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының алғашқы ресми жарияланғанынан кейін оның Тараз қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары Ұ.Сламбековаға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындалған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қала әкімі Б. Орынбеков

  Тараз қаласы әкімдігінің
  2026 жылғы "5" ақпандағы
  №460 қаулысына қосымша
  Тараз қаласы әкімдігінің
  2026 жылғы "5" ақпандағы
  №460 қаулысымен бекітілген

2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мекеменің атауы

Қызмет түрлері

Бір қызмет алушыға шаққандағы күндік тариф (теңгемен)

1.

"Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

2963







Үкіметтік емес ұйымдар

2633

2.

"Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Тараз қалалық өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

уақытша болу жағдайында

6658


Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг на 2026 год

Постановление акимата города Тараз Жамбылской области от 5 февраля 2026 года № 460

      В соответсвии с Социальным кодексом Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Заместителя Премьер-Министра – Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 281 "Об утверждении правил и методики формирования тарифов на специальные социальные услуги" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 32987) акимат города Тараза ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить тарифы на оказание специальных социальных услуг на 2026 год согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Коммунальному государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ акимата города Тараза" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии в электронном виде на государственном и русском языках в филиал республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции по Жамбылской области для официального опубликования и включения в эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата города Тараза после его первого официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Тараза Сламбекову У.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и применяется к юридическим отношениям, заключенным с 1 января 2026 года.

      Аким города Б. Орынбеков

  Приложение к постановлению
  акимата города Тараза
  от "5" февраля 2026 года №460
  Утверждено постановлением
  акимата города Тараза
  от "5" февраля 2026 года №460

Тарифы на оказание специальных социальных услуг на 2026 год

Наименование учреждения, оказывающие специальные социальные услуги

Виды услуг

Тариф на одного получателя услуг в день (в тенге)

1.

Коммунальное государственное учреждение "Центр оказания специальных социальных услуг в условиях ухода на дому" отдела занятости и социальных программ акимата города Тараз"

в условиях ухода на дому

2963


Неправительственные организации

2633

2.

Коммунальное государственное учреждение "Таразский городской центр для ресоциализации лиц, оказавшихся в трудной жизненной ситуации" отдела занятости и социальных программ акимата города Тараз"

в условиях временного пребывания

6658