"Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жамбыл облысында 1 мың адамға шаққанда 487,7 шаршы метр есебінен халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері бекітілсін.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдануын;
2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
| Жамбыл облысының әкімі | Е. Қарашөкеев |
| Жобаны ұсынушы: | |
| Жамбыл облысы әкімдігі кәсіпкерлік | |
| және индустриалды-инновациялық | |
| дамыту басқармасының басшысы А. Сейсебаев |