ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Меншiктiң мемлекеттiк мониторингі ақпаратына қол жеткiзу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 808 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Меншiктiң мемлекеттiк мониторингі ақпаратына қол жеткiзу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Меншiктiң мемлекеттiк мониторингі ақпараты цифрлық дерекқорына жедел санкцияланған қол жеткiзу арқылы беріледi.";
11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетiлген мемлекеттік органдардың меншiктiң мемлекеттiк мониторингiнiң цифрлық дерекқорына қол жеткiзуi осы Қағидалардың 4,5,6 және 7-тармақтарында белгіленген көлемде айқындалады.
12. Меншiктiң мемлекеттік мониторингiнiң цифрлық дерекқорына қол жеткiзудi жүргiзу мен қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды уәкілетті орган жүзеге асырады.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |