БҰЙЫРАМЫН:
1. "Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 6 мамырдағы № 219 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышында:
"Мемлекеттік кітапханалар көрсететін қызметтер" бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
"
Мемлекеттік кітапханалар көрсететін қызметтер | |||||||||
021 | Тасығыштардың, форматтардың, стандарттардың барлық түрлерінің, көшірмелерін дайындау және оларды өңдеу жөніндегі қызметтер |
1) материалдық-техникалық базаны нығайту; | "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мәдениет туралы заң) 24-бабы, "Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 10 шiлдедегi № 312-НҚ бұйрығы (бұдан әрі – № 312 Қағидалар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36435 тіркелді). | ||||||
022 | Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін материалдар дайындау жөніндегі қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты | ||||||
023 | Құжаттарды талдамалы-синтетикалық өңдеуді орындау және қосымша библиография жасау жөніндегі қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты | ||||||
024 | Қолжазбаларды, құнды кітаптарды және құжаттарды қалпына келтіру жөніндегі қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты | ||||||
025 | Көшпелі ақпараттық-көрме іс-шараларын ұйымдастыру жөніндегі қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты | ||||||
026 | Білім беру және аударма қызметтері | Сол сияқты | Сол сияқты | ||||||
027 | Қолжазбаларға және құнды кітаптарға сараптама жасау жөніндегі қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты | ||||||
028 | Байланыс операторымен жасасқан шарттың негізінде интернет желісі қызметтерін ұсыну жөніндегі қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты | ||||||
029 | Құжаттарды электронды жеткізу бойынша қызметтер, іздеу және тақырыптық ақпаратты жасау | Сол сияқты | Сол сияқты | ||||||
030 | Экскурсиялық қызмет көрсетуді, фото және бейне түсірілімдерді жүргізу жөніндегі қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты | ||||||
031 | Кітапхана шығарған оқу-әдістемелік әдебиетті және басқа да оқу құралдарын өткізу жөніндегі қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты | ||||||
".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |