Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2025 жылғы 11 маусымындағы қорытындысының негізінде Ұйғыр ауданының Кіші Дихан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кіші Дихан ауылының солтүстіктен оңтүстікке қарай үшінші көшені – Крикбаев Абдували көшесі деп аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Кіші Дихан ауылдық округінің әкімі | Е. Абшаяков |