"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жібек жолы және Қарабұлақ ауылдары халқының пікірін ескере отырып және Алматы облыстық ономастика комиссиясының 2026 жылғы 29 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Панфилов ауылдық округінің Жібек жолы ауылындағы "Жібек жолы" көшесі Ұлы Отан соғысының ардагері "Жәмеңке Молдабаев" есімімен қайта өзгертілсін.
2. Қарабұлақ ауылындағы "Балпық би" көшесінің тармақталуына байланысты, оның бірінші бөлігіне Ұлы Отан соғысының ардагері "Тотай Жайлаубаев" есімімен қайта өзгертілсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Панфилов ауылдық округінің әкімінің м.а. | Н. Мыктыбаева |