Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 31 баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабына, Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастикалық комиссиясының 2025 жылғы 3 қыркүйектегі №3 және Республикалық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 7 қарашадағы қорытындылары негізінде және Шалқар қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласының атауы жоқ көшесіне схемалық картаға сәйкес "Сарыбұлақ" атауы берілсін.
2. Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласының "Жаңа" көшесі "Бөрібай Дәрібаев" есімімен қайта аталсын.
3. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысының және мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шалқар ауданының әкімі | Ж. Жидеханов |
|
Шалқар аудандық мәслихатының төрағасы |
Ж. Шамбалаев |