"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 1-тармағы 10) тармақшасына, 37-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17-бабының 1-тармағы 1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағына, 71-1-бабы 2-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің 2025 жылғы 25 қарашадағы № 01-2-6-28/10404-И хаты негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Аққұдық ауылдық округі аумағынан "Хромтау аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" ММ-не цифрлық инфрақұрылым салу (ТОБЖ жүргізу, АДҚ және трансмиссия орнату, электр энергиясын жеткізу) үшін, осы қаулының № 1 қосымшасына сәйкес жалпы көлемі 6,0 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2029 жылдың 04 наурызына дейін жария сервитут белгіленсін.
2 "Хромтау ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Райысұлына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімінің м. а. | С. Жаконов |