Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 21 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 23 сәуірдегі № 275 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген), ҚР ЕР № 1913-2023 "Автомобиль жолдары мен көшелері. Пайдалану күйінің нормалары мен талаптары" ұлттық стандартының 4.2 және 6.1.1 тармақтарына, "Ақтөбе облысының полиция департаменті" мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 29 қаңтардағы № 5-5-67/454-И ұсынысына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ақтөбе қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 21 қаулысына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 20 қаңтарда № 26585 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген қаулымен бекітілген "Ақтөбе қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары" қосымшасында:

      - 56, 57 тармақтар алынып тасталсын.

      2. "Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада бекітілген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақтөбе облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Ақтөбе қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі А. Бекет
      Жобаны енгізуші:
      "Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы А. Көкеев

О внесении изменений в постановление акимата города Актобе от 13 января 2022 года № 21

Постановление акимата города Актобе Актюбинской области от 23 апреля 2026 года № 275

      В соответствии с подпунктом 4-2) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 264 "Об утверждении Правил внутренней торговли" (Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 мая 2015 года № 11148), а также с учетом пунктов 4.2 и 6.1.1 национального стандарта РК СТ 1913-2023 "Автомобильные дороги и улицы. Нормы и требования к эксплуатационному состоянию", в соответствии с предложением государственного учреждения "Департамент полиции Актюбинской области" от 29 января 2026 года № 5-5-67/454-И, акимат города Актобе ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата города Актобе "Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов в городе Актобе" от 13 января 2022 года № 21 (зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 января 2022 года № 26585) следующее изменение:

      В приложении, "Места размещения нестационарных торговых объектов в городе Актобе", утвержденном указанным постановлением:

      - пункты 56, 57 исключить.

      2. Государственному учреждению "Отдел предпринимательства города Актобе" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего постановления обеспечить его направление в электронном виде на казахском и русском языках в филиал Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан по Актюбинской области для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата города Актобе после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города Актобе.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким города А. Бекет
      Проект вносит:
      Руководитель государственного
учреждения "Отдел предпринимательства
города Актобе" А. Кукеев