Ішкі істер органдары қызметкерлерінің жеке істерін жүргізу тәртібін жетілдіру, дербес деректерді, оның ішінде медициналық деректерді алу және өңдеу мәселелерін реттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерінің дербес деректерін қамтитын жеке істерді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 15 желтоқсандағы № 1034 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерінің дербес деректерін қамтитын жеке істерді жүргізу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
8-тармақтың бесінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) дербес деректерді, оның ішінде медициналық деректерді жинауға және өңдеуге, зерделеуге және тексеруге келісім беру туралы өтініш;";
осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 5-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Ішкі істер органдарының аумақтық бөліністерінің басшылары Қағидаларға 5-1-қосымша нысаны бойынша қызметкерлерден келісімдер алуды, алынған келісімдерді жеке істер материалдарына қоса тіркеуді және олардың цифрландырылуын қамтамасыз ете отырып, алынғаны туралы мәліметтерді кадрлық есептің ақпараттық жүйесіне ("1С Кадры") енгізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры А.М. Сайтбековке және Жеке құраммен жұмыс жөніндегі департаментіне (О.С. Мырзабеков) жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министр полиции генерал-лейтенанты | Е. Саденов |
| 5-1-қосымша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерінің дербес деректерін қамтитын жеке істерді жүргізу қағидаларына |
ӨТІНІШ (КЕЛІСІМ) дербес деректерді, соның ішінде медициналық деректерді жинауға және өңдеуге
Мен, _______________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)),
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкері болып табыла отырып, келесі заңнамалық актілерге сәйкес:
• "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі кодексі;
• Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы "Кәсіпкерлік кодексі";
• "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы Заңы;
• Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 15 желтоқсандағы № 1034 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерінің дербес деректерін қамтитын жеке істерді жүргізу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне және оның аумақтық бөліністеріне менің дербес деректерімді, соның ішінде медициналық деректерімді жинауға, өңдеуге, жинақтауға, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), пайдалану және тексеруге келісім беремін.
Өңдеуге келісім берілген, медициналық деректердің тізімі:
• уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарын ашу, ұзарту және жабу туралы мәліметтер;
• уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңі туралы мәліметтер;
• медициналық ұйымның атауы;
• емдейтін дәрігердің тегі және инициалдары;
• қызметті өту мәселелерін шешу үшін қажет көлемде денсаулық жағдайы туралы басқа мәліметтер.
Дербес және медициналық деректерді өңдеудің мақсаттары:
• ішкі істер органдарында қызметке жарамдылығын анықтау;
• қызметтік тәртіпті сақтауды бақылау;
• аттестация және қызметтік тексерістер жүргізу;
• лауазымға тағайындау, ауыстыру және босату мәселелерін шешу;
• Қазақстан Республикасының заңнамасында нақты көзделген басқа мақсаттар.
Дербес және медициналық деректер ішкі істер органдарының қорғалған ақпараттық жүйелерінде сақталады және өңделеді.
Осы келісім менің ішкі істер органдарындағы қызмет өтуім кезеңінде әрекет етеді.
Маған дербес деректер субъектісі ретіндегі құқықтарым, олардың мақсаттары, көлемі, өңдеу тәртібі, сондай-ақ деректерді қорғау шаралары түсіндірілді.
Қызметкердің толық аты-жөні және қолы: ________________________________
_____________________________________________________________________
Жеке құраммен жұмыс жөніндегі қызметкердің толық аты-жөні және қолы:
_____________________________________________________________________