"Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында "102" мобильді қосымшасы, "Заң мен тәртіп" сервисі және "SOS дабыл батырмасы" жүйесі арқылы келіп түсетін "Азаматтардың хабарламаларын қабылдау процесінің көп арналығы" жүйесіне түсетін өтініштермен (хабарламалармен) жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 20 ақпандағы №120 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 19 наурыздағы № 201 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында "102" мобильді қосымшасы, "Заң мен тәртіп" сервисі және "SOS дабыл батырмасы" жүйесі арқылы келіп түсетін "Азаматтардың хабарламаларын қабылдау процесінің көп арналылығы" жүйесіндегі өтініштермен (хабарламалармен) жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 20 ақпандағы №120 бұйрығына мынандай өзгерістер енгізілсін:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Цифрландыру және жасанды интеллект департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін";

      3-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:

      "Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына, Цифрландыру және жасанды интеллект департаментіне (Ж.С.Баймағанбетов) жүктелсін";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында "102" мобильді қосымшасы, "Заң мен тәртіп" сервисі және "SOS дабыл батырмасы" жүйесі арқылы келіп түсетін "Азаматтардың хабарламаларын қабылдау процесінің көп арналығы" жүйесіндегі түсетін өтініштермен (хабарламалармен) жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықта:

      6-тармақта

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Цифрландыру және жасанды интеллект департаменті және ІІМ-нің аумақтық бөліністері – жұмыс орындарымен техникалық қамтамасыз ету, мобильді қосымшамен жұмыс істеуге қолжетімділік беруді ұйымдастыру, мобильді қосымшаның жұмыс, қабілеті және жетілдіру үшін";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) ІІМ Орталық аппаратының бөліністерінің басшылары, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстардың, қалалық, аудандық және көліктегі ПД бастықтары "102" мобильді қосымшасы және "Заң мен тәртіп" сервисі арқылы келіп түскен азаматтардың хабарламалары мен өтініштерін қабылдау, есепке алу, тіркеу, қарау және уақтылы ұсыну үшін дербес жауап береді";

      28-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Цифрландыру және жасанды интеллект бөліністерінің қызметкерлері";

      29-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:

      "29. "102" мобильді қосымшасының және "Заң мен тәртіп" сервисінің жұмыс істеуінің қажетті техникалық жағдайларын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Цифрландыру және жасанды интеллект департаментіне және оның аумақтық бөліністері жауап береді";

      2. Цифрландыру және жасанды интеллект департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру қамтамасыз етсін.

      3. осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Цифрландыру және жасанды интеллект департаментіне (Ж.С.Баймағанбетов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал–лейтенанты
Е. Саденов

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 20 февраля 2026 года № 120 "Об утверждении Инструкции по работе с обращениями (сообщениями) в системе "Омниканальность процесса приема сообщений граждан", поступающих посредством мобильного приложения "102", сервисе "Закон и Порядок" и системе "Тревожная кнопка SОS" в органах внутренних дел Республики Казахстан

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 19 марта 2026 года № 201

      ПРИКАЗЬІВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 20 февраля 2026 года № 120 "Об утверждении Инструкции по работе с обращениями (сообщениями) в системе "Омниканальность процесса приема сообщений граждан", поступающих посредством мобильного приложения "102", сервис "Закон и Порядок" и системе "Тревожная кнопка SOS" в органах внутренних дел Республики Казахстан" следующие изменения:

      пункты 2 и 3 изложить в следующей редакции:

      "2. Департаменту цифровизации и искусственного интеллекта в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан и Департамент цифровизации и искусственного интеллекта (Баймаганбетов Ж.С.).";

      в Инструкции по работе с обращениями (сообщениями) в системе "Омниканальность процесса приема сообщений граждан", поступающих посредством мобильного приложения "102", сервисе "Закон и Порядок" и системе "Тревожная кнопка SОS" в органах внутренних дел Республики Казахстан, утвержденной указанным приказом:

      в пункте 6:

      подпункт 1) изложить в следующей редакции:

      "1) Департамент цифровизации и искусственного интеллекта и его территориальные подразделения МВД – за техническое обеспечение рабочими местами, организацией предоставления доступов к работе с мобильным приложением, работоспособность и совершенствование мобильного приложения;";

      подпункт 3) изложить в следующей редакции:

      "3) руководители подразделений Центрального аппарата МВД, начальники ДП городов Астана, Алматы, Шымкент, областей, горрайорганов и на транспорте несут персональную ответственность за прием, учет, регистрацию, рассмотрение и своевременное представление ответов на сообщения и обращения граждан, поступивших посредством мобильного приложения "102" и сервиса "Закон и Порядок;";

      абзац первый пункта 28 изложить в следующей редакции:

      "28. Сотрудники подразделений цифровизации и искусственного интеллекта:";

      пункт 29 изложить в следующей редакции:

      "29. Ответственность за обеспечение технических условий работы мобильного приложения "102" и сервиса "Закон и Порядок" несет Департамент цифровизации и искусственного интеллекта Министерства внутренних дел Республики Казахстан и его территориальные подразделения.".

      2. Департаменту цифровизации и искусственного интеллекта в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) направление копии настоящего приказа на государственном и русском языках в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет–ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан и начальника Департамента цифровизации и искусственного интеллекта (Баймаганбетов Ж.С).

      4. Настоящий приказ вступает в силу со дня его подписания.

      Министр внутренних дел
Республики Казахстан
генерал–лейтенант полиции
Е. Саденов