"Қорғалжын ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Қорғалжын аудандық мәслихатының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 7/9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 1/47 шешімі

      Қорғалжын аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қорғалжын аудандық мәслихатының "Қорғалжын ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 7/9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8666-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

      10-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) 9 мамыр - Жеңіс күніне:

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1988 - 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1979 жылғы 1 желтоқсан - 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да елдерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлерге 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағы Мемлекеттік қауiпсiздiк комитетiнiң Ауғанстан аумағында уақытша болған және кеңес әскерлерiнiң шектеулі контингентінің құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшiлерiне 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      11-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдарға (қатерлі ісіктер, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру бір рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      11-тармақтың 7) тармақшасы алып тасталсын;

      11-тармақтың 9) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "9) гемодиализ алу кезеңінде жол жүру үшін гемодиализ аппаратын пайдаланатын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға ай сайын 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      12-тармақтың 3), 4) тармақшалары алып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қорғалжын аудандық мәслихатының төрағасы Б. Рыспаев



О внесении изменений в решение Коргалжынского районного маслихата от 5 декабря 2023 года № 7/9 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Коргалжынском районе"

Решение Коргалжынского районного маслихата Акмолинской области от 13 апреля 2026 года № 1/47

      Коргалжынский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Коргалжынского районного маслихата "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Коргалжынском районе" от 5 декабря 2023 года № 7/9 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8666-03) следующие изменения:

      в приложении 1 к указанному решению:

      подпункт 3) пункта 10 изложить в новой редакции:

      "3) ко Дню Победы - 9 мая:

      лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, в размере 10 (десять) месячных расчетных показателей;

      лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, в размере 10 (десять) месячных расчетных показателей;

      супруге (супругу) умершего лица с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, или лица, приравненного по льготам к лицам с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, а также супруге (супругу) умершего участника Великой Отечественной войны, партизана, подпольщика, гражданина, награжденного медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Жителю блокадного Ленинграда", признававшихся лицами с инвалидностью в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в повторный брак, в размере 20 (двадцать) месячных расчетных показателей;

      лицам из числа участников ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1988 - 1989 годах, эвакуированным (самостоятельно выехавшим) из зон отчуждения и отселения в Республику Казахстан, включая детей, которые на день эвакуации находились во внутриутробном состоянии, в размере 20 (двадцать) месячных расчетных показателей;

      рабочим и служащим, направлявшимся на работу в Афганистан в период с 1 декабря 1979 года по декабрь 1989 года и другие страны, в которых велись боевые действия, в размере 3 (три) месячных расчетных показателей;

      рабочим и служащим Комитета государственной безопасности бывшего Союза ССР, временно находившимся на территории Афганистана и не входившим в состав ограниченного контингента советских войск, в размере 15 (пятнадцать) месячных расчетных показателей;";

      подпункт 2) пункта 11 изложить в новой редакции:

      "2) лицам, имеющим социально значимые заболевания (злокачественные новообразования, болезнь, вызванная вирусом иммунодефицита человека (ВИЧ) единовременно в размере 15 (пятнадцать) месячных расчетных показателей;";

      подпункт 7) пункта 11 иключить;

      подпункт 9) пункта 11 изложить в новой редакции:

      "9) лицам с инвалидностью первой группы, использующих аппарат гемодиализа, на проезд в период получения гемодиализа ежемесячно в размере 15 (пятнадцать) месячных расчетных показателей;";

      подпункты 3), 4) пункта 12 исключить.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Коргалжынского районного маслихата Б. Рыспаев