Көкшетау қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Көкшетау қаласы азаматтарының жекелеген санатының жол жүру төлеу бойынша жеңілдік белгілеу туралы

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 2 ақпандағы № А-2/198 бірлескен қаулысы мен Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2026 жылғы 30 қаңтардағы № С-30/2 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Көкшетау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Көкшетау қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Көкшетау қаласы азаматтарының жекелеген санатының жол жүру төлеу бойынша жеңілдік белгіленсін:

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне - тегін жол жүру;

      2) Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) - тегін жол жүру;

      3) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға – тегін жол жүру;

      4) 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – тегін жол жүру;

      5) Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға - тегін жол жүру;

      6) төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар аналарға – тегін жол жүру;

      7) көп балалы аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп жасындағы балаларға – тегін жол жүру;

      8) 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, сондай-ақ мүгедектігі бар бала күтімін жүзеге асыратын адамдарға (жәрдемақы алушыларға) – тегін жол жүру;

      9) Көкшетау қаласының құрметті азаматтарына – тегін жол жүру;

      10) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне – тегін жол жүру;

      11) 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға – тегін жол жүру;

      12) мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккендерге – тегін жол жүру;

      14) социалистік Еңбек Ерлеріне және "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдарға - тегін жол жүру;

      16) жасына байланысты зейнеткерлерге - тегін жол жүру;

      15) мүгедектігі бар тұлғалардың қорғаншылары, сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тағайындалған тұлғалар – тегін жол жүру;

      16) 2 және 3 топтағы мүгедектігі бар тұлғалар – тегін жол жүру.

      Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 28 мамырдағы № A-5/658 қаулысы және Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 мамырдығы № С-12/7 шешімі және өзгеріс енгізілген Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № A-12/1571 бірлескен қаулысы және Ақмола облысы Көкшетау қаласы мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № С-19/2 шемімінің күші жойылған деп танылсын.

      2. Көкшетау қаласы азаматтарының жоғарыда аталған санаттарына дербестендірілген жеңілдік карталары ұсынылсын.

      3. "Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бірлескен Көкшетау қаласы әкімдігінің қаулысынан және Көкшетау қаласы мәслихатының шешімінен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Қаржыландыру көзі қалалық бюджет болып анықталсын.

      5. Осы бірлескен қаулы мен шешім бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енгізіледі.

      Көкшетау қаласының әкімі Ә.Күмпекеев
      Сегізінші шақырылған Көкшетау қаласы
мәслихат төрағасының міндетін атқарушы
Г.Есенова

Об установлении льготы по оплате проезда отдельной категории граждан города Кокшетау на общественном транспорте (кроме такси) в городе Кокшетау

Совместные постановление акимата города Кокшетау Акмолинской области от 2 февраля 2026 года № А-2/198 и решение Кокшетауского городского маслихата Акмолинской области от 30 января 2026 года № С-30/2

      В соответствии со статьей 13 Закона Республики Казахстан "О транспорте в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат города Кокшетау ПОСТАНОВЛЯЕТ и маслихат города Кокшетау РЕШИЛ:

      1. Установить льготу по оплате проезда следующим категориям граждан города Кокшетау на общественном транспорте (кроме такси) в городе Кокшетау:

      1) ветераны Великой Отечественной войны-бесплатный проезд;

      2) супруге (супругу) умершего лица с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, или лица, приравненного по льготам к лицам с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, а также супруге (супругу) умершего участника Великой Отечественной войны, партизана, подпольщика, гражданина, награжденного медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Жителю блокадного Ленинграда", признававшихся лицами с инвалидностью в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в повторный брак – бесплатный проезд;

      3) лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны – бесплатный проезд;

      4) лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны – бесплатный проезд;

      5) несовершеннолетним узникам концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период Второй мировой войны – бесплатный проезд;

      6) матерям, имеющим четырех и более совместно проживающих несовершеннолетних детей – бесплатный проезд;

      7) детям школьного возраста из многодетных малообеспеченных семей – бесплатный проезд;

      8) детям с инвалидностью до 18 лет, а также лицам осуществляющим уход за ребенком с инвалидностью (получателям пособия) - бесплатный проезд;

      9) почетным гражданам города Кокшетау – бесплатный проезд;

      10) ветеранам боевых действий на территории других государств – бесплатный проезд;

      11) лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1986 – 1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшие непосредственно в ядерных испытаниях – бесплатный проезд;

      12) жертвам политических репрессий, пострадавшим от политических репрессий, имеющим инвалидность или являющимся пенсионерами – бесплатный проезд;

      13) Героям Социалистического Труда и лицам, удостоенных звания "Қазақстанның Еңбек Ері" - бесплатный проезд;

      14) пенсионерам по возрасту – бесплатный проезд;

      15) опекунам лиц с инвалидностью, признанным судом недееспособными и назначенным в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан – бесплатный проезд;

      16) лицам с инвалидностью 2 и 3 группы - бесплатный проезд.

      Признать утратившим силу совместное постановление акимата города Кокшетау Акмолинской области от 28 мая 2024 года № А-5/658 и решение Кокшетауского городского маслихата Акмолинской области от 28 мая 2024 года № С-12/7, с изменением, внесенным совместным постановлением акимата города Кокшетау Акмолинской области от 30 декабря 2024 года № A-12/1571 и решением маслихата города Кокшетау Акмолинской области от 30 декабря 2024 года № С-19/2.

      2. Предоставить вышеуказанным категориям граждан города Кокшетау персонифицированные льготные карты.

      3. Государственному учреждению "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог города Кокшетау" принять необходимые меры, вытекающие из настоящего совместного постановления акимата города Кокшетау и решения маслихата города Кокшетау в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

      4. Определить источником финансирования городской бюджет.

      5. Настоящее совместное постановление акимата города Кокшетау и решение маслихата города Кокшетау вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Кокшетау А. Кумпекеев
      Исполняющий обязанности председателя
      маслихата города Кокшетау восьмого созыва Г. Есенова