"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) "Ақмола облысы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № А-7/251 қаулысы;
2) "Ақмола облысы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № А-7/251 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2025 жылғы 17 шілдедегі № А-7/370 қаулысы.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ақмола облысының әкімі | М.Ахметжанов |