"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мемлекеттік мекемелері әуежай қызметі саласында көрсететін ақылы қызметтерге тарифтік сметаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 639 бұйрығының күшін жою туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2026 жылғы 18 наурыздағы № 263 бұйрығы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мемлекеттік мекемелері әуежай қызметі саласында көрсететін ақылы қызметтерге тарифтік сметаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 639 бұйрығының күші жойылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты
Д. Қосанов

Об отмене приказа Министра обороны Республики Казахстан от 30 мая 2025 года № 639 "Об утверждении тарифной сметы на оказываемые платные услуги государственными учреждениями Вооруженных Сил Республики Казахстан, в сфере аэропортовской деятельности"

Приказ Министра обороны Республики Казахстан от 18 марта 2026 года № 263

      В соответствии с пунктом 11 статьи 27 Закона Республики Казахстан "О правовых актах", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Отменить приказ Министра обороны Республики Казахстан от 30 мая 2025 года № 639 "Об утверждении тарифной сметы на оказываемые платные услуги государственными учреждениями Вооруженных Сил Республики Казахстан, в сфере аэропортовской деятельности".

      2. Управлению главнокомандующего Силами воздушной обороны Вооруженных Сил Республики Казахстан обеспечить:

      1) направление настоящего приказа в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан в электронном виде в течение пяти рабочих дней со дня его подписания на казахском и русском языках в соответствии с требованиями пункта 10 Правил ведения Государственного реестра нормативных правовых актов Республики Казахстан, Эталонного контрольного банка нормативных правовых актов Республики Казахстан, утвержденных приказом Министра юстиции Республики Казахстан от 11 июля 2023 года № 472 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33059);

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства обороны Республики Казахстан после его первого официального опубликования;

      3) направление сведений в Юридический департамент Министерства обороны Республики Казахстан об исполнении подпунктов 1) и 2) настоящего пункта в течение десяти календарных дней после дня первого официального опубликования настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Министра обороны – главнокомандующего Силами воздушной обороны Вооруженных Сил Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ довести до заинтересованных должностных лиц и структурных подразделений.

      5. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Министр обороны
Республики Казахстан
генерал-лейтенант авиации
Д. Косанов