Тасқала ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тасқала ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 146 "Тасқала ауданының Тасқала ауылында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4865 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"1. Тасқала ауданының Тасқала ауылында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифі келесі мөлшерлерде белгіленсін:
Тасқала ауданының Тасқала ауылында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифі 50 (елу) теңге мөлшерінде;
7 жастан 15 жасқа дейiнгi балаларға 25 (жиырма бес) теңге мөлшерінде;
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналардың, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың тегін жол жүруге, ал 15 жастан 18 жасқа дейінгі адамдарға 25 (жиырма бес) теңге мөлшерінде.".
2. "Тасқала ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Тасқала ауданы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Т. Шакиров |