Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабы 5-тармағына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | М. Мұқаев |
2025 жылғы 16 маусымдағы Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының № 18-7 шешіміне қосымша |
1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 23-4 "Батыс Қазақстан облысының елді мекендерінде жануарларды асырау қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3904 болып тіркелген) шешімі.
2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 21-8 "Батыс Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер ету үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5452 болып тіркелген) шешімі.
3. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 7 қыркүйектегі № 13-1 "Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 21-8 "Батыс Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29467 болып тіркелген) шешімі.
4. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 16-14 "Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 21-8 "Батыс Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер ету үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі.
5. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 30 мамырдағы № 12-2 "Батыс Қазақстан облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидалары туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7386-07 болып тіркелген) шешімі.