"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2 және 11-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Монополияға қарсы органның ұқсас тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқтығы туралы қорытынды беру қағидаларын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 8 шiлдедегi № 190/НҚ бұйрығының күші жойылсын.
2. Индустрия, мемлекеттік қолдау және сатып алу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Төраға орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді
Төрағаның міндетін атқарушы | Р. Ахметов |