Үлкен Нарын ауданының әкімдігінің 2024 жылғы 21 тамыздағы № 89 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданының әкімдігінің 2025 жылғы 17 шілдедегі № 166 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасы Заңының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 31-бабының 2-тармағына, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 21 мамырдағы № 128 ""Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі №118 қаулысына өзгеріс енгізу туралы"" қаулысына сәйкес, Үлкен Нарын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Үлкен Нарын ауданының әкімдігінің 2024 жылғы 21 тамыздағы № 89 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9066-16 болып тіркелген) қаулысына төмендегі өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Үлкен Нарын ауданы әкімінің міндетін атқарушы Н. Маратұлы

  Үлкен Нарын ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 17 шілдедегі
№ 166 қаулысына
қосымша
  Үлкен Нарын ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 21 тамыздағы
№ 89 қаулысына
қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағ мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары: үйде қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші, есепші, мемлекеттік сатып алулар жөніндегі маман, іс жүргізуші, әкімшілік-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, экономист.

      2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары: мемлекеттік мекеменің басшысы, мәдениет үйінің басшысы, әдіскер, үйірме жетекшісі, музыка жетекшісі, көркемдік жетекші, сүйемелдеуші, хореограф, мәдени ұйымдастырушы, суретші, мұражай қорларын сақтаушы, кітапханашы, библиограф, бухгалтер, мемлекеттік сатып алулар жөніндегі маман, іс жүргізуші, бағдарламашы, заңгер, кадр инспекторы, костюмер, фотограф, күзетші, экономист.

О внесении изменений в постановление акимата района Үлкен Нарын от 21 августа 2024 года № 89 "Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности"

Постановление акимата района Үлкен Нарын Восточно-Казахстанской области от 17 июля 2025 года № 166

      В соответствии с пунктом 9 статьи 139 Трудового Кодекса Республики Казахстан, пунктом 2 статьи 31 Закона Республики Казахстан "О местном государсвтенном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Восточно-Казахстанского областного акимата от 21 мая 2025 года № 128 ""О внесении изменений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 20 апреля 2016 года № 118 "Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и лесного хозяйства, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности"", акимат района Үлкен Нарын ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата района Үлкен Нарын от 21 августа 2024 года № 89 "Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9066-16) следующие изменения:

      Приложение к указанному постановлению изложить в новой редакции, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима района.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности акима района Үлкен Нарын Н. Маратұлы

  Приложение к постановлению
акимата района Үлкен Нарын
от 17 июля 2025 года № 166
  Приложение к постановлению
акимата района Үлкен Нарын
от 21 августа 2024 года № 89

Перечень должностей специалистов социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающим в сельской местности

      1. Должности специалистов в области социального обеспечения: заведующий отделением надомного обслуживания, социальный работник по уходу за престарелыми и лицами с инвалидностью, социальный работник по уходу за детьми с инвалидностью и лицами с инвалидностью старше 18 лет с психоневрологическими заболеваниями, консультант по социальной работе, бухгалтер, специалист по государтсвенным закупкам, делопроизводитель, заведующий административно -хозяйственной части, экономист.

      2. Должности специалистов в области культуры: руководитель коммунального государственного учреждения, руководитель дома культуры, методист, руководитель кружков, музыкальный руководитель, художественный руководитель, аккомпаниатор, хореограф, культорганизатор, художник, хранитель музейных фондов, библиотекарь, библиограф, бухгалтер, специалист по государтсвенным закупкам, делопроизводитель, программист, юрист, инспектор по кадрам, костюмер, фотограф, сторож, экономист.