"Шыбынды-Gold" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 449 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 71-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, "Шыбынды-Gold" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының 2025 жылғы 9 қарашадағы өтініші негізінде, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шыбынды-Gold" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2029 жылғы 18 мамырға дейінгі мерзімге пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін, жер учаскесін меншік иелері мен пайдаланушылардан алып қоймай, жалпы алаңы 120,6 гектар жер қорының есеп кварталы 05-079-020, жалпы алаңы 29,2 гектар жер қорының есеп кварталы 05-079-036 жеріне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Шыбынды-Gold" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі заңнамаға сәйкес, жер пайдаланушылармен жеке сервитутты белгілеу туралы шарттарда бекітілген, жерді рекультивациялау жөніндегі міндеттерді және өзге де шарттарды, жұмыстарды жүргізу мерзімі мен орнын анықтасын.

      3. "Ұлан ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

      1) осы қаулы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберілсін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Ұлан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Садуакасовқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлан ауданының әкімі А. Бекбосынов

Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью "Шыбынды-Gold"

Постановление акимата Уланского района Восточно-Казахстанской области от 26 сентября 2025 года № 449

      В соответствии статьи 71-1 Земельного Кодекса Республики Казахстан, подпунктом 10) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", на основании заявления директора товарищества с ограниченной отвественностью "Шыбынды-Gold" от 9 сентября 2025 года, акимат Уланского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить публичный сервитут, на землях запаса учетного квартала 05-079-020, площадью 120,6 гектара, учетного квартала 05-079-036, площадью 29,2 гектар без изъятия земельного участка у собственников для проведения операций по разведке твердых полезных ископаемых сроком до 18 мая 2029 года товариществу с ограниченной ответственностью "Шыбынды-Gold".

      2. Товариществу с ограниченной ответственностью "Шыбынды-Gold" определить сроки и место проведения работ, обязанности по рекультивации земель и иные условия, определенные в договорах об установлении частного сервитута с землепользователями, в соответствии с законодательством.

      3. Государственному учреждению "Отдел земельных отношений Уланского района":

      1) направить настоящее постановление на официальное опубликование в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) разместить настоящее постановление на интернет-ресурсе акимата Уланского района после его официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Р. Садуакасова.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Уланского района А. Бекбосынов