Тарбағатай ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың cхемасы мен тәртібін бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 294 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 14-бабы 3-тармағы 3-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 26 наурыздағы №349 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1 Тарбағатай ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары осы қаулының 1, 2, 3, 4, 5, 6 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.

      2. Тарбағатай ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Тарбағатай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі.

      Тарбағатай ауданының әкімі Д. Жоргекбаев

  Тарбағатай ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 294 қаулысына 1 - қосымша

Тарбағатай ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің "Ақмектеп орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы.

     


  Тарбағатай ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 294 қаулысына 2 - қосымша

Тарбағатай ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің "Асусай мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы.

     


  Тарбағатай ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 294 қаулысына 3 - қосымша

Тарбағатай ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің "Дәулетбай атындағы мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы.

     


  Тарбағатай ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 294 қаулысына 4 - қосымша

Тарбағатай ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің "Қ.Сәтпаев атындағы Шеңгелді мектеп-бөбекжай кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы.

     


  Тарбағатай ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 294 қаулысына 5 - қосымша

Тарбағатай ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің "М.Әуезов атындағы Ақжар мектеп-интернат-колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы.

     


  Тарбағатай ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 294 қаулысына 6 - қосымша

Тарбағатай ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің "Жетіарал мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы.

     


  Тарбағатай ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 294 қаулысына 7 - қосымша

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі

1-тарау. Балаларды тасымалдау тәртібі

      1. Балаларды тасымалдау жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау заңнамасының талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен жүзеге асырылады.

      2. Балаларды тасымалдаушы (бұдан әрі – Тасымалдаушы) жолаушылар мен багажды тасымалдауға заңнаманың талаптарын сақтаумен өзіне тиесілі автобустарды тасымалдау үшін пайдаланатын білім беру ұйымы болып табылады.

      3. Тасымалдаушы тасымалдауды орындау алдында бұйрықпен балалардың тасымалдауын ұйымдастыру туралы шешімді ресімдейді, онда жүргізушінің, еріп жүрушілердің міндеттерін, жүру маршрутын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар регламенттелінеді.

      4. Тасымалдау қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруi кезiнде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтiк құжаттарда көзделген жағдайда Тасымалдаушы рейстi алып тастауға және бұл туралы тасымалданатын балаларға дереу хабарлауға тиiс.

      5. Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруi кезiнде, басқа жағдайлар кезiнде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергiлердiң көрiнуi, бұл жағдайда жүргiзушi кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетiлген болуы тиiс.

      6. Тасымалдаушы балаларды тасымалдайтын әрбiр автобусқа өз қызметкерлерінің санынан алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету әдiстерi бойынша дайындықтан және балаларды автобуспен тасымалдау кезінде қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша арнайы нұсқамадан өткен жауапты еріп жүруші адамдарды белгiлейдi.

      7. Нұсқаманы жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жауапты адам жүргізеді.

      8. Балаларды тасымалдау үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына жауап беретін жүргізушілерге рұқсат беріледі.

      9. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне мыналарға жол берілмейді:

      1) сағатына 60 км артық жылдамдықпен жүруге;

      2) жүру маршрутын өзгертуге;

      3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесе мүкәммалды тасымалдауға;

      4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;

      5) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;

      6) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға.

      10. Ерiп жүрушi отырғызу (түсiру) аяқталғаны туралы хабар бергеннен және автобус есiктерi толық жабылғаннан кейiн жүргiзушiге отырғызу (түсiру) орнынан автобус қозғалысын бастауға рұқсат етiледi.

      11. Көлiк құралы жақындаған кезде ерiп жүрушiлер балалардың оның алдынан шығуына және жүру бөлiгiнде болуына жол бермейдi.

      12. Ерiп жүрушiлер балаларды отырғызу орнына ұйымдасқан тәртiпте (кiшi балаларды – екi-екiден сапқа тұрғызып) жеткiзедi. Отырғызу автобустың алдыңғы есiгi арқылы жүргiзiледi.

      13. Ерiп жүрушiлер автобусқа отырғызу және одан түсiру, автобус қозғалысы кезiнде және аялдау уақытында балалар арасында тиiстi тәртiптi қамтамасыз етеді.

      14. Балаларды автобусқа отырғызу ерiп жүрушiлердің басшылығымен және жүргiзушiнiң бақылауымен автобус толық тоқтағаннан кейiн отырғызу алаңында жүргiзiледi.

      15. Сапар кезiнде ерiп жүрушiлер балалардың:

      1) салонда тұруына және жүруiне;

      2) есiктер мен терезелерге жантаюына;

      3) жоғарғы сөрелерге ауыр және орнықсыз заттарды қоюына;

      4) қол жүгiн өту жолдарына және кiреберiстегi (шыға берiстегi) алаңдарда орналастыруына;

      5) терезе ойықтарынан бастарын шығаруына;

      6) терезеден қоқысты және қандай болса да өзге заттарды тастауға;

      7) жазатайым жағдайдың алдын алуға бағытталған жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiретiн ахуал туралы хабарламалардан басқа жүргiзушiнi көлiк құралын басқарудан алаңдатуына;

      8) жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiрмейтiн жағдайларда авариялық жабдықтарды пайдалануына;

      9) есiктердi ашуына;

      10) төбелесуiне, итерiсуiне, қимыл ойындарын ойнауға жол бермейдi.

      16. Тұрақтау (аялдау) кезiнде балаларды автобустан шығару алдыңғы есiк арқылы жүзеге асырылады. Автобустан бiрiншi болып ерiп жүрушi шығады. Тұрақтау (аялдау) кезiнде ерiп жүрушiлер: біреуі - автобустың алдыңғы бөлiгiнде, екіншісі- автобустың артында тұруы және балалардың түсуiн және содан кейiн балалардың жолдың жүру бөлiгiне жүгiрiп шықпауын бақылау қажет.

      17. Автобустан шыққанда әрбiр бала жеке заттарын бiр қолымен көтерiп, ал екiншi қолымен баспалдақтардан түскенде тұтқадан ұстауы тиiс. Тепе-теңдiктi жоғалтпау және өзге жолаушыларды жарақаттандырмау үшiн иықпен көтерiп жүретiн рюкзактар мен сөмкелердi оқушылар иықтан шешiп, қолдарына алулары тиiс.

      18. Түсiрген кезде ерiп жүрушiлер балалардың:

      1) есiкке қарай қозғалғанда итерiсуiне, төбелесуіне;

      2) баспалдақтардан секiруiне;

      3) көлiк құралын жолдың жүргiншi бөлiгiнен айналып өтуiне, оған шығуына;

      4) жүргiншi бөлiктiң маңында қимыл ойындар ойнауына жол бермейдi.

      19. Түсiргеннен кейiн ерiп жүрушiлер:

      1) жеткiзу орнына келген балаларды санап шығады;

      2) ұйымдасқан түрде оларды түсiру орнынан және автобустардың тұрақтау алаңшаларынан ерiп жүреді.

2-тарау. Қорытынды ережелер

      20. Ауданның шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау бойынша осы тәртіппен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

Об утверждении схемы и порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Тарбагатайского района

Постановление акимата Тарбагатайского района Восточно-Казахстанской области от 12 декабря 2025 года № 294

      В соответствии с подпунктом 3-1 пункта 3 статьи 14 Закона Республики Казахстан "Об автомобильном транспорте", приказом исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан №349 от 26 марта 2015 года "Об утверждении Правил перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11550) акимат Тарбагатайского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить схемы перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Тарбагатайского района согласно приложениям 1, 2, 3, 4, 5, 6 к настоящему постановлению.

      2. Утвердить порядок перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Тарбагатайского района согласно приложению 7 к настоящему постановлению.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Тарбагатайского района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      Аким Тарбагатайского района Д. Жоргекбаев

  Приложение 1 к постановлению
акимата Тарбагатайского района
от 12 декабря 2025 года
№ 294

Схема перевозки в коммунальное государственное учреждение "Акмектепская средняя школа" отдела образования по Тарбагатайскому району управления образования Восточно-Казахстанской области детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Тарбагатайского района.

     


  Приложение 2 к постановлению
акимата Тарбагатайского района
от 12 декабря 2025 года
№ 294

Схема перевозки в коммунальное государственное учреждение "Асусайский комплекс школа – детский сад " отдела образования по Тарбагатайскому району управления образования Восточно-Казахстанской области детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Тарбагатайского района.

     


  Приложение 3 к постановлению
акимата Тарбагатайского района
от 12 декабря 2025 года
№ 294

Схема перевозки в коммунальное государственное учреждение "Комплекс школьного детского сада имени Даулетбая" отдела образования по Тарбагатайскому району управления образования Восточно-Казахстанской области детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Тарбагатайского района.

     


  Приложение 4 к постановлению
акимата Тарбагатайского района
от 12 декабря 2025 года
№ 294

Схема перевозки в коммунальное государственное учреждение "Комплекс Шенгельдинской школа -ясли-сад имени К. Сатпаева" отдела образования по Тарбагатайскому району управления образования Восточно-Казахстанской области детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Тарбагатайского района.

     


  Приложение 5 к постановлению
акимата Тарбагатайского района
от 12 декабря 2025 года
№ 294

Схема перевозки в коммунальное государственное учреждение "Комплекс Акжарская школа-интернат-колледж имени М. Ауэзова" отдела образования по Тарбагатайскому району управления образования Восточно-Казахстанской области детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Тарбагатайского района.

     


  Приложение 6 к постановлению
акимата Тарбагатайского района
от 12 декабря 2025 года
№ 294

Схема перевозки в коммунальное государственное учреждение "Комплекс Жетиаральский комплекс школа – детский сад" отдела образования по Тарбагатайскому району управления образования Восточно-Казахстанской области детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Тарбагатайского района.

     


  Приложение 7 к постановлению
акимата Тарбагатайского района
от 12 декабря 2025 года
№ 294

Порядок перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Тарбагатайского района Восточно-Казахстанской области

Глава 1. Порядок перевозки детей

      1. Перевозка детей осуществляется автобусами, микроавтобусами, оборудованными в соответствии с требованиями законодательства к перевозке пассажиров и багажа автомобильным транспортом.

      2. Перевозчиком детей (далее – Перевозчик) является организация образования, использующая для перевозки принадлежащие ей автобусы, с соблюдением требований законодательства к перевозкам пассажиров и багажа.

      3. Перед выполнением перевозок Перевозчик оформляет решение об организации перевозки детей приказом, регламентировав в нем обязанности водителя, сопровождающих лиц, маршрут следования и мероприятия по обеспечению безопасности детей.

      4. При неблагоприятных изменениях дорожных или метеорологических условий, создающих угрозу безопасности перевозок, в случаях, предусмотренных действующими нормативными документами о временном прекращении движения автобусов, Перевозчик отменяет рейс и немедленно принимает меры по доведению информации об этом до перевозимых детей.

      5. При неблагоприятных изменениях дорожных условий в иных обстоятельствах (ограничение движения, появление временных препятствий, при которых водитель не может ехать в соответствии с расписанием, не повышая скорости), расписание корректируется в сторону снижения скорости (увеличения времени движения).

      6. На каждый автобус, осуществляющий перевозку детей, Перевозчик назначает ответственных сопровождающих лиц из числа своих сотрудников, прошедших подготовку по методам оказания доврачебной помощи и специальный инструктаж по обеспечению безопасности при перевозке детей автобусами.

      7. Инструктаж проводит лицо, ответственное за обеспечение безопасности дорожного движения в организации образования.

      8. Для перевозки детей допускаются водители, отвечающие требованиям законодательства Республики Казахстан.

      9. Водителю автобуса при перевозке детей не допускается:

      1) следовать со скоростью более 60 км/час;

      2) изменять маршрут следования;

      3) перевозить в салоне автобуса, в котором находятся дети, любой груз, багаж или инвентарь, кроме ручной клади и личных вещей детей;

      4) выходить из салона автобуса при наличии детей в автобусе, в том числе при посадке и высадке детей;

      5) осуществлять движение автобуса задним ходом;

      6) покидать свое место или оставлять транспортное средство, если им не приняты меры, исключающие самопроизвольное движение транспортного средства или использование его в отсутствие водителя.

      10. Движение автобуса с места посадки (высадки) водителю разрешается начинать только после сообщения сопровождающего об окончании посадки (высадки) и полного закрытия дверей автобуса.

      11. При подъезде транспортного средства сопровождающие не должны допускать выхода детей ему навстречу и нахождения их у проезжей части.

      12. Сопровождающие подводят детей к месту посадки в организованном порядке (младших детей – построенных попарно). Посадка производится через переднюю дверь автобуса.

      13. Сопровождающие обеспечивают надлежащий порядок среди детей во время посадки в автобус и высадки из него, при движении автобуса и во время остановок.

      14. Посадка детей в автобус производится после полной остановки автобуса на посадочной площадке под руководством сопровождающих и под наблюдением водителя.

      15. Во время поездки сопровождающие не допускают, чтобы дети:

      1) стояли и ходили по салону;

      2) прислонялись к дверям и окнам;

      3) ставили тяжелые и неустойчивые личные вещи на верхние полки;

      4) размещали ручную кладь в проходах и на площадках у входов (выходов);

      5) высовывались в оконные проемы;

      6) выбрасывали из окон мусор и какие-либо иные предметы;

      7) отвлекали водителя от управления транспортным средством, кроме сообщений о ситуации, угрожающей здоровью и жизни пассажиров, направленных на предотвращение несчастного случая;

      8) пользовались аварийным оборудованием в ситуациях, не угрожающих жизни и здоровью пассажиров;

      9) открывали двери;

      10) дрались, толкались, устраивали подвижные игры.

      16. Высадка детей из автобуса во время стоянок (остановок) осуществляется через переднюю дверь. Первым из автобуса выходит сопровождающие. Во время стоянок (остановок) сопровождающий находится один - возле передней части автобуса, другой – сзади автобуса, и наблюдает за высадкой детей и за тем, чтобы дети не выбегали на проезжую часть дороги.

      17. При высадке из автобуса каждый из детей переносит личные вещи одной рукой, а другой при спуске по ступенькам должен держаться за поручень. Рюкзаки и сумки, носимые через плечо, учащиеся должны снять с плеч и взять в руки, чтобы не потерять равновесие и не травмировать других пассажиров.

      18. При высадке сопровождающие не допускают, чтобы дети:

      1) двигаясь к двери, толкались, дрались;

      2) спрыгивали со ступенек;

      3) обходили транспортное средство со стороны проезжей части, выходили на нее;

      4) устраивали подвижные игры вблизи проезжей части.

      19. После высадки сопровождающие:

      1) пересчитывают детей, прибывших к месту назначения;

      2) в организованном порядке сопровождают их от места высадки и площадок для стоянки автобусов.

Глава 2. Заключительные положения

      20. Отношения по перевозкам в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах района, не урегулированные настоящим порядком, регулируются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.