Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) "Зайсан аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 сәуірдегі №01-03/VIII-2-14/4 (Нормативтік құқықтық актілерді электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2023 жылғы 12 мамырда 181021 мемлекеттік тізіміндегі тіркеу нөмірімен жарияланған) шешімі;
2) "Зайсан аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Зайсан аудандық мәслихатының 2022 жылғы 12 желтоқсандағы №26-2/4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №28-3/1 (Нормативтік құқықтық актілерді электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2023 жылғы 23 қаңтарда 178005 мемлекеттік тізіміндегі тіркеу нөмірімен жарияланған) шешімі;
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Зайсан аудандық мәслихатының төрағасы | Е. Загипаров |