"ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өтінішін қарастырып, 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 19, 67, 69-баптарын, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1-тармағының 6) тармақшасын басшылыққа алып:
1. "ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Ертіс ауылдық округі Прапорщиково ауылында 300 орындық мектеп үшін инженерлік желілерді, кірме жолдарды және тұрақ орындарын жобалау және салу кезеңіне мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне 3 (үш) жыл мерзімге шектеулі пайдалану құқығы (қауымдық сервитуттар) белгіленсін:
- Прапорщиково ҚС-нан мектеп аумағына дейін 10 кВ электрмен жабдықтау желілері, ұзындығы 579 метр, дәліздің ені 2 метр, бөлу алаңы 1158 м2 (0,1158 га);
- сумен жабдықтау желілері (диаметрі 100 мм), ұзындығы 373 метр, бөлу алаңы 895 м2 (0,0895 га);
- байланыс желілері, диаметрі 110 мм, мектеп аумағына дейін ұзындығы 1289 метр, бөлу алаңы 2578 м2 (0,2578 га);
- кірме жолдар мен тұрақ орындары - 0,1902 га.
2. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ауыртпалықтар белгіленсін: инженерлік коммуникациялардың күзет аймақтарын сақтау, оларды жөндеу және қызмет көрсету үшін кедергісіз қол жеткізу қамтамасыз етілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Е. Жумагулов |