"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасына сәйкес, Республикалық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 16 сәуірдегі және 2025 жылғы 10 қыркүйектегі қорытындылары негізінде, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Идеологиялық тұрғыдан ескірген құрамдас бөліктер:
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының:
Стахановская көшесі – Жақсылық Үшкемпіров көшесі;
Красин көшесі – Борис Александров көшесі;
Өтепов көшесі – Оралхан Бөкей көшесі;
Красногвардейская көшесі – Герольд Бельгер көшесі;
Карл Либкнехт көшесі – Борис Керімбаев көшесі;
Колхозная көшесі – Асқартау көшесі;
Роза Люксембург көшесі – Арна көшесі;
Совхозная көшесі – Өркен көшесі;
Чапаев көшесі – Берел көшесі;
Краснодонская көшесі –Арай көшесі;
Краснофлотская көшесі – Мұзтау көшесі;
Өскемен қаласы Меновное ауылындағы:
Совхозный тұйық көшесі – Талас тұйық көшесі;
М. Горький көшесі – Талаптан Ахметжан;
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының:
Үшінші тұрғын ауданы кварталы – Тәуелсіздік шағын ауданы болып қайта аталсын.
2. Атауы жоқ құрамдас бөліктер:
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының 28 шағын ауданындағы:
№ 1 көше – Атамекен көшесі;
№ 2 көше – Айыртау көшесі;
№ 3 көше – Жартас көшесі;
№ 4 көше – Ақшоқы көшесі;
№ 5 көше – Ботай көшесі;
№ 6 көше – Бәйшешек көшесі;
№ 7 көше – Жайсаң көшесі;
№ 8 көше – Ағажай көшесі;
№ 9 көше – Жаңақоныс көшесі;
№ 10 көше – Жетіген көшесі;
№ 11 көше – Керуенсарай көшесі;
№ 12 көше – Қоңыржон көшесі;
№ 13 көше – Барқытбел көшесі;
№ 14 көше – Арасан көшесі;
№ 15 көше – Жусанды көшесі;
№ 17 көше – Ақсуат көшесі;
№ 20 көше – Қызғалдақ көшесі;
№ 21 көше – Тарбағатай көшесі;
№ 22 көше – Арал көшесі;
№ 23 көше – Балқаш көшесі деп аталсын.
3. "Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі (С.Б. Касенов):
1) осы бірлескен қаулы мен шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бірлескен қаулы мен шешімнен туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Н. Сақтағанов |
| Облыстық мәслихат төрағасы | Д. Рыпаков |