Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Ғылыми-техникалық кеңесі туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының м.а. 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 83 - н/қ

      "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3) тармақшасына және 17-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 861 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі туралы Ереженің 15-тармағының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Ғылыми-техникалық кеңесі туралы ереже бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Ғылым және инновациялар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберсін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің
төрағасының міндетін атқарушы
Г. Сергазин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғары білім министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Атом энергиясы жөніндегі
агенттігінің төрағасының
міндетін атқарушы
2025 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 83 - н/қ бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Ғылыми-техникалық кеңесі туралы ереже

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Ғылыми-техникалық кеңесі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 861 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі туралы ереженің 15-тармағының 20-тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Ғылыми-техникалық кеңесі (бұдан әрі – ҒТК) қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.

      3. ҒТК Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады және ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың (бұдан әрі – ҒЗТКЖ) басым бағыттары жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау, сондай-ақ Агенттіктің реттелетін салаларындағы ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды бағалау мақсатында құрылады.

      4. ҒТК өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2 тарау. ҒТК-нің негізгі міндеттері мен функциялары

      5. ҒТК қызметі мынадай негізгі міндеттерді шешуге бағытталған:

      1) ғылым және ғылыми-техникалық, технологиялық және инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға ұсыныстар әзірлеу және жәрдемдесу;

      2) ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іске асыруды қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      3) Қазақстан Республикасының ғылыми және ғылыми-техникалық, технологиялық және инновациялық қызмет саласындағы заңнамалық актілерін жетілдіру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      4) Агенттіктің реттелетін салаларындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың жобаларын қарау;

      5) жер қойнауын пайдаланушылар ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруға жіберетін қаражатты аудару мен бөлудің ашықтығын қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлеу және шараларды іске асыру;

      6) салалық ғылыми ұйымдар мен технологиялық және инновациялық қызмет ұйымдарын дамытуға ұсыныстар әзірлеу және қатысу.

      6. ҒТК өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ғылыми зерттеулерді, ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ҒЗТКЖ, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін (бұдан әрі – ҒҒТҚН) коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру мәселелері туралы:

      Агенттіктің ғылыми-техникалық және ғылыми-технологиялық міндеттері мен бағдарламаларын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;

      Агенттіктің реттелетін салаларындағы ғылыми, ғылыми-техникалық қызметтің басым бағыттарын іске асыру мақсатында мамандандырылған бағыттарды қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;

      Агенттіктің реттелетін салаларындағы жобалар мен бағдарламаларды, сондай-ақ ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша конкурстық құжаттаманы әзірлеу кезінде ұсыныстар әзірлейді;

      Агенттіктің реттелетін салаларындағы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған техникалық шарттарды әзірлеу кезінде ұсыныстар әзірлейді;

      жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға бөлінетін қаржыландыру нысандары мен көлемдерін айқындау үшін ғылым саласындағы уәкілетті органға жіберілген өтініштерді қарайды;

      ұсынылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың ғылыми жаңалығы, ғылыми-техникалық деңгейі, перспективалары, даму дәрежесі, қаржыландырудың сұралатын көлемінің экономикалық орындылығы жөніндегі ұсынымдарды қарайды және әзірлейді;

      2) мемлекеттік технологиялық саясат мәселелері және атом энергиясын пайдалану саласындағы инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары бойынша:

      Агенттіктің реттелетін салаларындағы мемлекеттік технологиялық саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлейді;

      Агенттіктің реттелетін салаларындағы технологиялық дамудың басымдықтарын және мемлекеттік технологиялық саясаттың негізгі бағыттарын

      айқындау бойынша ұсыныстар әзірлейді;

      Агенттіктің реттелетін салаларындағы атом энергиясын пайдалану саласындағы инновациялық және технологиялық даму мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлейді;

      Агенттіктің реттелетін салаларындағы инновациялық жүйені және инновацияларды мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйе субъектілерінің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді;

      реттелетін бағыттар бойынша мемлекеттік технологиялық саясат жөніндегі ұсыныстарды қарайды және әзірлейді;

      негізгі (басымдық) технологияларды, технологиялық құзыреттің салалық орталықтарын, мақсатты технологиялық бағдарламаларды және атом энергиясын пайдалану саласындағы технологиялық платформаларды ұйымдастыруды айқындау бойынша ұсыныстар әзірлейді;

      технологияларды іздеу жүйесін қалыптастыру және дамыту, оларды анықтау және нарыққа ілгерілетуге жәрдемдесу бойынша ұсыныстар әзірлейді;

      инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындау, одан әрі инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұсыныстар әзірлейді.

      3) Ғылым мен техниканы қолдауға және дамытуға пайдалы қазбаларды өндіру шығынының 1% (бір пайызы) мөлшерінде "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 178-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және 212-бабы212-бабы 1-тармағының 2) сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар қаражатынан қаржыландыру мәселелері бойынша:

      жыл сайын 1 қарашаға дейін Агенттіктің реттелетін салаларында ғылыми зерттеулер мен цифрландыру жобаларының басым бағыттарының тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) қалыптастырады және оны өзектендіреді;

      Тізбеге сәйкес Агенттік ұсынған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми-техникалық тапсырмаларды және цифрландыру жобаларын қарайды және келіседі.

      4) Агенттіктің міндеттерін орындау шеңберіндегі өзге де мәселелер:

      ведомстволық бағынысты ғылыми ұйымдардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын қарайды және келіседі;

      ведомстволық бағынысты ғылыми ұйымдардың ғылыми, ғылыми-техникалық және өндірістік қызметі туралы есептерді тыңдайды;

      ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен, жоғары оқу орындарымен, жер қойнауын пайдаланушылармен, кәсіпкерлік субъектілерімен, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен жоғары технологиялық өнімдерді шығаруды және (немесе) жаңа технологияларды енгізуді жүзеге асыратын бірлескен өндірістерді құру мақсатында ынтымақтастық мәселелерін қарайды;

      Қазақстан Республикасының ғылыми және ғылыми-техникалық, технологиялық және инновациялық қызмет, ҒҒТҚН коммерцияландыру саласындағы, сондай-ақ Агенттіктің реттелетін салаларындағы нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру жөнінде ұсыныстарды қарайды және әзірлейді;

      Агенттіктің бірінші басшысының тапсырмасы бойынша тиісті ұсынымдар әзірлей отырып, мәселелерді қарайды.

3-тарау. ҒТК қызметін ұйымдастыру

      7. ҒТК құрамын Агенттік мемлекеттік органдардың, ғылыми қоғамдастықтың, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де заңды тұлғалардың, оның ішінде жер қойнауын пайдаланушылардың ұсыныстары мен ұсынымдарын ескере отырып қалыптастырады және Агенттіктің бірінші басшысы бекітеді.

      8. ҒТК Төрағадан, Төрағаның орынбасарынан және тұрақты мүшелерден тұрады. ҒТК құрамына Агенттіктің реттелетін салаларындағы жетекші ғалымдар, мемлекеттік органдар мен даму институттарының, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Ұлттық холдингтер мен компаниялардың өкілдері, ұлттық ғылыми кеңестің мүшелері, жер қойнауын пайдаланушылардың, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің салалық қауымдастықтардың, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері болып табылатын бейінді ғылыми ұйымдардың өкілдері кіреді.

      9. ҒТК құрамына енгізілетін ғалымдар:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтары;

      2) ҒТК құрамы қалыптасқан күнге дейін 3 (үш) жыл ішінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілерінің жұмыскерлері болып табылатын немесе шетелдік ғылыми ұйымдарда немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын ғылым докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым докторы немесе ғылым кандидаты дәрежесінің болуы;

      3) Агенттіктің реттелетін салаларында ғылыми-зерттеу және (немесе) ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 5 (бес) жыл болуы тиіс.

      10. ҒТК құрамының жетпіс пайызы (70 %) жұмыс өтілі 5 (бес) жыл бар:

      1) тиісті мемлекеттік органдар ұсынған мемлекеттік органдардың өкілдерінен;

      2) Агенттіктің реттелетін салаларындағы тиісті ұйымдар ұсынған ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық даму институттарының, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың өкілдерінен;

      3) ұлттық ғылыми кеңестердің мүшелерінен, жер қойнауын пайдаланушылардың, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің салалық қауымдастықтардың, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері болып табылатын бейінді ғылыми ұйымдардың өкілдерінен;

      4) "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұсынған жеке кәсіпкерлік субъектілері мен олардың бірлестіктерінің өкілдерінен қалыптастырылады.

      11. ҒТК Төрағасы мен төраға орынбасары ҒТК-нің бірінші отырысында ҒТК мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы ҒТК мүшелерінің арасынан сайланады.

      12. ҒТК Төрағасы:

      1) отырыстарда төрағалық етеді және оның қызметіне басшылық жасайды;     

      2) даулы мәселелерді талқылауда алқалылықты қамтамасыз етеді;

      3) ҒТК отырыстарын өткізудің күн тәртібін, күнін, уақытын, орнын және нысанын айқындайды;

      4) ҒТК отырыстарының хаттамаларына қол қояды;     

      5) ҒТК шешімдерінің іске асырылуына жалпы үйлестіруді жүзеге асырады.

      13. Төрағаның болмау мерзімінде оның функцияларын төраға орынбасары атқарады.

      14. ҒТК құрамы 3 (үш) жыл мерзімге бекітіледі және мүшелерінің саны 9-дан (тоғыздан) кем емес және 25-тен (жиырма бестен) артық емес адамнан тақ саннан құралады.

      15. ҒТК жанынан ғылыми қамтамасыз етуді ұйымдастыру және ҒТК отырысына шығарылатын бейіндік мәселелерді қарау бойынша өз қызметін жүзеге асыратын секциялар құрылады. Секциялар осы ереже шеңберінде әрекет етеді, олардың жұмыс тәртібі ҒТК шешімдерімен айқындалады.

      16. ҒТК жұмысы күндізгі және сырттай отырыстар нысанында жүзеге асырылады. ҒТК отырыстары Агенттіктің ақпараттық-коммуникациялық технологиялары мен байланыс жүйелерін пайдалана отырып өткізілуі мүмкін. ҒТК отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда кемінде бір рет өткізіледі. Отырыстың хаттамалары, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарды, есептер, актілер жұмыс органына беріледі және "Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33339 болып тіркелген) сәйкес сақталады.

      17. ҒТК жұмыс органы Агенттіктің Ғылым және инновациялар департаменті (бұдан әрі – Жұмыс органы) болып табылады.

      18. Жұмыс органы ҒТК қызметін қамтамасыз ету мақсатында:

      1) ҒТК ұйымдастырушылық-техникалық жұмысын қамтамасыз етуді;

      2) жыл сайынғы негізде ҒТК мүшелерінен Тізбені қалыптастыру бойынша ұсыныстарды жинауды;

      3) отырыс өткізілгенге дейін 5 (бес) жұмыс күні бұрын ҒТК мүшелеріне жіберілетін материалдарды дайындауды;

      4) ҒТК жұмысы туралы жоспарлар мен есептер жасайды және орындалуын үйлестіруді жүзеге асырады.

      19. Жұмыс органының қызметкері болып табылатын хатшы:

      1) ҒТК отырыстарға материалдарды дайындауды, жинауды және жүйелеуді;

      2) ҒТК мүшелеріне және шақырылған адамдарға ҒТК отырыстарын өткізу туралы хабарламаларды уақтылы жіберуді;

      3) отырыстардың күн тәртібін әзірлеуді, отырыстарды хаттамалауды;

      4) ҒТК шешімдерінің жобаларын дайындауды және отырыстардан кейін хаттамаларды ресімдеуді жүзеге асырады.

      20. ҒТК шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және ҒТК отырысына қатысқан мүшелердің жалпы санының 2/3-і дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болғанда, шешуші Төрағаның дауысы болады. Хатшы ҒТК мүшесі болып табылмайды және шешім қабылдау кезінде дауыс бермейді. Дауыс беруге шығарылған мәселе бойынша ҒТК мүшелерінің ерекше пікірі болған жағдайда, Хатшы хаттамаға тиісті жазба енгізеді.

      21. ҒТК шешімі хаттамамен ресімделеді, оған отырыс өткізілген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ҒТК төрағасы, мүшелері және Хатшы қол қояды.

      Хаттамалардың көшірмелері қол қойылғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде ҒТК мүшелеріне жіберіледі.

      25. Жұмыс органы жыл сайын есепті жылдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей Агенттікке және ғылым саласындағы уәкілетті органға есепті кезеңнің қорытындылары бойынша ҒТК жұмысы туралы ақпарат ұсынады.

4-тарау. Қорытынды ережелер

      26. ҒТК отырыстарының материалдарында қамтылған таралуы шектелген құпия және өзге де ақпарат жария етуге және (немесе) рұқсатсыз пайдалануға жатпайды. Таратылуы шектелген құпия және (немесе) өзге де ақпаратты қамтитын материалдарды ҒТК қарауына шығарған кезде ұсынылатын ақпаратты жария етпеу туралы келісімнің болуы олармен ҒТК мүшелерінің танысуы үшін міндетті шарт болып табылады.

      27. Осы ереже, сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтырулар Агенттіктің бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі.

Об утверждении Положения о научно-техническом совете Агентства Республики Казахстан по атомной энергии

Приказ и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по атомной энергии от 9 декабря 2025 года № 83 - н/қ

      В соответствии c подпунктом 3) статьи 7 и статьей 17 Закона Республики Казахстан "О науке и технологической политике", а также подпунктом 20) пункта 15 Положения об Агентстве Республики Казахстан по атомной энергии, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 28 апреля 2025 года № 861, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемое положение о Научно-техническом совете Агентства Республики Казахстан по атомной энергии.

      2. Департаменту науки и инноваций Агентства Республики Казахстан по атомной энергии в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего приказа направление его копии в электронном виде на государственном и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных-правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Агентства Республики Казахстан по атомной энергии после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по атомной энергии.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
Председателя Агентства
Республики Казахстан по атомной энергии
Г. Сергазин

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство науки и высшего
образования Республики Казахстан

  Утверждено приказом
Исполняющий обязанности
Председателя Агентства
Республики Казахстан
по атомной энергии
от 9 декабря 2025 года № 83 - н/қ

Положение о Научно-техническом совете Агентства Республики Казахстан по атомной энергии

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящее Положение о Научно-техническом совете Агентства Республики Казахстан по атомной энергии (далее – Положение) разработано в соответствии c подпунктом 3) статьи 7 Закона Республики Казахстан "О науке и технологической политике" и с подпунктом 20) пункта 15 Положения об Агентстве Республики Казахстан по атомной энергии, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 28 апреля 2025 года № 861.

      2. Настоящее Положение определяет правовые и организационные основы деятельности Научно-технического совета Агентства Республики Казахстан по атомной энергии (далее – НТС).

      3. НТС является консультативно-совещательным органом при Агентстве Республики Казахстан по атомной энергии (далее – Агентство) и создается в целях выработки предложений и рекомендаций по приоритетным направлениям научно-исследовательских и опытно-конструкторских работ (далее – НИОКР), а также оценки научно-технических проектов и программ в сферах, регулируемых Агентством.

      4. В своей деятельности НТС руководствуется Конституцией Республики Казахстан, законами, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

Глава 2. Основные задачи и функции НТС

      5. Деятельность НТС направлена на решение следующих основных задач:

      1) разработка предложений и содействие в реализации государственной политики в области науки и научно-технической, технологической и инновационной деятельности, коммерциализации результатов научной и (или) научно-технической деятельности;

      2) выработка предложений по формированию реализации научно-технических проектов и программ;

      3) выработка предложений по совершенствованию законодательных актов Республики Казахстан в области научной и научно-технической, технологической и инновационной деятельности, коммерциализации результатов научной и (или) научно-технической деятельности;

      4) рассмотрение проектов научно-исследовательских, научно- технических и опытно-конструкторских работ в сферах, регулируемых Агентством;

      5) разработка предложений и реализация мер по обеспечению прозрачности отчислений и распределений средств, направляемых недропользователями на финансирование научно-исследовательских, научно-технических и (или) опытно-конструкторских работ;

      6) выработка предложений и участие в развитии отраслевых научных организаций и организации технологической и инновационной деятельности.

      6. В соответствии с возложенными на него задачами, НТС выполняет следующие функции:

      1) по вопросам финансирования научных исследований, научных, научно-технических проектов и программ, НИОКР и технологических работ, а также проектов коммерциализации результатов научной и (или) научно-технической деятельности (далее – РННТД) из средств государственного бюджета:

      вырабатывает предложения по формированию научно-технических и научно-технологических задач и программ Агентства;

      вырабатывает предложения по формированию специализированных направлений в целях реализации приоритетных направлений научной, научно-технической деятельности в областях, регулируемых Агентством;

      вырабатывает предложения при разработке конкурсной документации по грантовому и программно-целевому финансированию проектов и программ, а также проектов по коммерциализации РННТД в областях, регулируемых Агентством;

      вырабатывает предложения при разработке технических заданий по программно-целевому финансированию в областях, регулируемых Агентством;

      рассматривает заявки, направляемые в уполномоченный орган в области науки для определения форм и объемов финансирования, выделяемых для реализации проектов и программ в сферах, регулируемых Агентством;

      рассматривает и вырабатывает рекомендации научной новизны, научно-технического уровня, перспективности, степени разработанности предлагаемых научных, научно-технических проектов и программ, экономической обоснованности запрашиваемого объема финансирования;

      2) по вопросам государственной технологической политики и мерам государственной поддержки инновационной деятельности:

      разрабатывает предложения по основным направлениям государственной технологической политики в сферах, регулируемых Агентством;

      вырабатывает предложения по определению приоритетов технологического развития и основных направлений государственной технологической политики;

      вырабатывает рекомендации по вопросам инновационного и технологического развития в сферах, регулируемых Агентством;

      вырабатывает предложения по совершенствованию инновационной системы и деятельности субъектов инновационной системы, участвующих в государственной поддержке инновационной деятельности, в регулируемых Агентством сферах;

      рассматривает и вырабатывает предложения по государственной технологической политике по отраслевым направлениям Агентства;

      вырабатывает предложения по определению ключевых (приоритетных) технологий, отраслевых центров технологических компетенций, целевых технологических программ и организации технологических платформ в сферах, регулируемых Агентством;

      вырабатывает предложения по формированию и развитию системы поиска технологий, их идентификации и оказания содействия в их продвижении на рынок;

      вырабатывает предложения по определению приоритетных направлений предоставления инновационных грантов, для дальнейшего предоставления в уполномоченный орган в области государственной поддержки инновационной деятельности.

      3) по вопросам финансирования из средств недропользователей в соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 178 и подпунктом 2) пункта 1 статьи 212 Кодекса Республики Казахстан "О недрах и недропользовании" в размере одного процента от затрат на добычу полезных ископаемых на поддержку и развитие науки и технологий:

      формирует ежегодно до 1 ноября перечень приоритетных направлений научных исследований и проектов цифровизации в регулируемых сферах Агентства (далее – Перечень) и актуализирует его;

      рассматривает и согласовывает в рамках программно-целевого финансирования соответствующие Перечню проекты научно-технических заданий и проекты цифровизации, представленные Агентством.

      4) иные вопросы в рамках выполнения задач Агентства:

      рассматривает и согласовывает стратегические и программные документы подведомственных научных организаций;

      заслушивает отчеты о научной, научно-технической и производственной деятельности подведомственных научных организаций;

      рассматривает вопросы сотрудничества с субъектами научной и (или) научно-технической деятельности, высшими учебными заведениями, недропользователями, предпринимателями, субъектами квазигосударственного сектора с целью создания совместных производств, осуществляющих выпуск высокотехнологичной продукции и (или) внедрение новых технологий;

      рассматривает и вырабатывает предложения по совершенствованию нормативных правовых актов Республики Казахстан в области научной и научно-технической, технологической и инновационной деятельности, коммерциализации результатов научной и (или) научно-технической деятельности, а также в регулируемых сферах Агентства;

      рассматривает другие вопросы с выработкой соответствующих рекомендаций по поручению первого руководителя Агентства.

Глава 3. Организация деятельности НТС

      7. Состав НТС формируется Агентством с учетом предложений и рекомендаций государственных органов, научного сообщества, субъектов частного предпринимательства и иных юридических лиц, в том числе недропользователей, и утверждается первым руководителем Агентства.

      8. НТС состоит из Председателя, заместителя Председателя и постоянных членов. В состав НТС входят ведущие ученые в регулируемых Агентством сферах, представители государственных органов и институтов развития, Национальной палаты предпринимателей "Атамекен", национальных холдингов и компаний, члены национальных научных советов, отраслевых ассоциаций субъектов частного предпринимательства, недропользователей, а также профильных научных организаций, являющихся субъектами научной и (или) научно-технической деятельности.

      9. В состав НТС включаются ученые:

      1) являющиеся гражданами Республики Казахстан;

      2) имеющие степень доктора (PhD), доктора по профилю, доктора или кандидата наук, являющиеся работниками аккредитованных субъектов научной и (или) научно-технической деятельности в течение 3 (трех) лет до даты формирования состава НТС или занимающиеся научной и (или) научно-технической деятельностью в зарубежных научных организациях или научных организациях и организациях высшего и (или) послевузовского образования;

      3) имеющие стаж научно-исследовательской и (или) научно-педагогической работы в регулируемых сферах Агентства 5 (пять) лет.

      10. Семьдесят процентов (70 %) от состава НТС состоит из имеющих стаж работы не менее 5 (пяти) лет:

      1) представителей государственных органов, рекомендованных соответствующими государственными органами;

      2) представителей национальных управляющих холдингов, национальных институтов развития, национальных холдингов, национальных компаний, рекомендованных соответствующими организациями в регулируемых сферах Агентства;

      3) членов национальных научных советов, представителей отраслевых ассоциаций субъектов частного предпринимательства, недропользователей, профильных научных организаций, являющихся субъектами научной и (или) научно-технической деятельности;

      4) представителей субъектов частного предпринимательства и их объединений, рекомендованных Национальной палатой предпринимателей Республики Казахстан "Атамекен".

      11. Председатель и заместитель председателя НТС избираются членами НТС из числа членов НТС посредством открытого голосования на первом заседании НТС.

      12. Председатель НТС:

      1) председательствует на заседаниях и руководит его деятельностью;

      2) обеспечивает коллегиальность в обсуждении спорных вопросов;

      3) определяет повестку дня, дату, время, место и форму проведения заседаний НТС;

      4) подписывает протоколы заседаний НТС;

      5) осуществляет общую координацию над реализацией решений НТС.

      13. Во время отсутствия председателя НТС его функции выполняет заместитель председателя НТС.

      14. Состав НТС утверждается сроком на 3 (три) года и состоит из нечетного числа членов НТС в количестве не менее 9 (девяти) и не более 25 (двадцати пяти) человек.

      15. При НТС создаются секции, осуществляющие свою деятельность по организации научного обеспечения и рассмотрения профильных вопросов, выносимых на заседание НТС. Секции действуют в рамках настоящего Положения, порядок их работы определяется решениями НТС.

      16. Работа НТС осуществляется в форме проведения очных и заочных заседаний. Заседания НТС могут проводиться с использованием инфокоммуникационных технологий и систем связи Агентства. Заседания НТС проводятся по мере необходимости, но не реже одного раза в полгода. Протоколы заседания НТС, материалы по вопросам повестки дня, отчеты, акты передаются в Агентство и хранятся в соответствии с приказом Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 25 августа 2023 года № 236 "Об утверждении Правил документирования, управления документацией и использования систем электронного документооборота в государственных и негосударственных организациях" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33339).

      17. Рабочим органом НТС является Департамент науки и инноваций Агентства (далее – Рабочий орган).

      18. Рабочий орган в целях обеспечения деятельности НТС осуществляет:

      1) организационно-техническое обеспечение работы НТС;

      2) сбор предложений по формированию Перечня от членов НТС на ежегодной основе;

      3) сбор материалов, направляемых членам НТС за 5 (пять) рабочих дней до проведения заседания;

      4) составление и координацию выполнения планов и отчетов о работе НТС.

      19. Секретарь, являющийся сотрудником Рабочего органа, осуществляет:

      1) подготовку, сбор и систематизацию материалов к заседаниям;

      2) своевременное направление членам НТС и приглашенным лицам уведомлений о проведении заседаний НТС;

      3) формирование повестки дня заседаний, протоколирование заседаний;

      4) подготовку проектов решений НТС и оформление протоколов после заседаний НТС.

      20. Решения НТС принимаются открытым голосованием и считаются принятыми, если за них подано 2/3 голосов от общего количества членов, присутствующих на заседании НТС. При равенстве голосов решающим является голос Председателя. Секретарь не является членом НТС и не голосует при принятии решений. При наличии у членов НТС особого мнения по вынесенному на голосование вопросу, Секретарь вносит в протокол соответствующую запись.

      21. Решение НТС оформляется протоколом, который подписывается Председателем НТС, членами НТС и Секретарем в срок не более 7 (семи) рабочих дней со дня проведения заседания.

      Копии протоколов рассылаются членам НТС в течение 3 (трех) рабочих дней после подписания.

      22. Рабочий орган ежегодно, не позднее 20 числа месяца, следующего за отчетным годом, представляет в Агентство и в уполномоченный орган в области науки информацию о работе НТС по итогам отчетного периода.

Глава 4. Заключительные положения

      23. Конфиденциальная и иная информация ограниченного распространения, содержащаяся в материалах заседаний НТС, не подлежит разглашению и (или) несанкционированному использованию. При вынесении на рассмотрение НТС материалов, содержащих конфиденциальную и (или) иную информацию ограниченного распространения, обязательным условием для ознакомления с ними членов НТС является наличие соглашения о неразглашении представляемой информации.

      24. Настоящее Положение, а также изменения и дополнения к нему утверждаются приказом первого руководителя Агентства.