Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Келес ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Келес ауданының тұрғын–үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне "Түркістан облысы, Келес ауданының Ақжол, Қауыншы, Жолбасшы, Көлтоған, Ұшқын, Достық, Қоралас елді мекендеріндегі қолданыстағы су жинау иммараттарын қосымша сумен қамтамасыз ету үшін және Абай ауылының 96 гектар аумақтағы тұрғын үйлер үшін су жинау иммараты мен жеткізуші су құбырларын салу" нысанына жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскелерінде 5 (бес) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Джилкибаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ж.Агибаев |
Келес ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 23 маусымдағы №105 қаулысына қосымша |
"Келес ауданының тұрғын–үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне су жинау иммараты мен жеткізуші су құбырларын салу жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін жер учаскілеріне қауымдық сервитут белгілеу көлемдері
№ | Ауыл, ауылдық округтің атауы | Қауымдық сервитуттың әрекет ету көлемі (гектар) | Соның ішінде | ||||
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер | Оның ішінде | ||||||
егістік | Оның ішінде: | Көп жылдық екпелер | жайылым | ||||
Суармалы егістік | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | Абай ауылы | 0,313 | 0,226 | - | - | - | 0,226 |
2 | Алпамыс батыр ауылдық округі | 7,0514 | 6,7454 | 6,718 | 6,718 | - | 0,0274 |
3 | Біртілек ауылдық округі | 7,1517 | 6,2422 | 3,0 | 3,0 | - | 3,2422 |
4 | Ұшқын ауылдық округі | 3,719 | 2,591 | - | - | - | 2,591 |
5 | Қошқарата ауылдық округі | 1,524 | 1,524 | - | - | - | 1,524 |
Барлығы | 19,7591 | 17,3286 | 9,718 | 9,718 | - | 7,6106 |
Кестенің жалғасы
елдi мекендердің жері | өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер | ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер | орман қорының жерлері | су қорының жерлерi | Босалқы жерлер |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
0,087 | - | - | - | - | - |
0,306 | - | - | - | - | - |
0,9095 | - | - | - | - | - |
1,128 | - | - | - | - | - |
- | - | - | - | - | |
2,4305 | - | - | - | - | - |