Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Қазақстан Республикасының "Жер Кодексінің" 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" №148 Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, ШЕШТІМ:
1. "Қазақтелеком" ақцинерлік қоғамына Түркістан облысы Созақ ауданы Таукент кентінен талшықты оптикалық байланыс желісі бар ені 2 метр, жалпы алаңы - 0,0877 га жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алынып қоймастан 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Созақ ауданының Таукент кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімге қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы шешімнің ресми жарияланғаннан кейін оның Таукент кенті әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау кент әкімінің орынбасары М.Ибраевқа жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Таукент кентінің әкімі | Е.Даулетбаев |