Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодекісінің 142-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №281 бұйрығымен бекітілген, "Арнаулы әлеуметтік қызметтердің тарифтерін қалыптастыру ережелері мен әдістемесіне" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32987 болып тіркелген) сәйкес, Созақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2025 жылға арналған мемлекеттік секторда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуін;
2) осы қаулыны ресми жариялағанынан кейін Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін
| Cозақ ауданы әкімінің міндетін атқарушы | С.Маманов |
| Созақ ауданы әкімдігінің 2025 жылғы "__"_______ № _____қаулысына қосымша |
Созақ ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік секторда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетушілерге арналған тарифтері көрсетілетін қызметті беруші шарттарда қызмет көрсетеді:
1. Үйде қызмет көрсету ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету ;
2. Жартылай стационарлық жағдайдағы арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету ;
№ | Атауы | Қызмет алушыға көрсетілетін 1 қызметтің ай сайынғы тарифі (теңге) |
1. | Үйде қызмет көрсету ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету | 57917,47 т |
2. | Жартылай стационарлық жағдайдағы арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету | 482650,16 т |