Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" №590 қаулысына сәйкес, Сайрам ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі осы қауылының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Сайрам ауданы әкімдігінің "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын кейбір аудандық атқарушы органдарды қайта құру туралы" 2021 жылғы 23 қарашадағы №460 қаулысының 2) тармағының 2 тармақшасының күші жойылды деп танылсын.
3. "Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы ережені әілет органдарында тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Сайрам ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Аудан әкімінің м.у.а | С. Дуйсебаев |
Сайрам ауданы әкімдігінің 2025 жылғы "27" тамыздағы № 541 қаулысына қосымша |
"Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. "Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік орган) ауданда мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
"Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Сайрам аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтық мирасқоры болып табылады.
2. "Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар:
1) Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Сайрам аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
2) Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Сайрам аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Тілдерді оқыту және дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4) Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Ақсу" жекпе-жек спорт клубы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. "Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай – ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Осы Мемлекеттік орган туралы ереже Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 40-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
4. "Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық – құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері мен атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. "Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық – құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. "Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық – құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. "Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Мемлекеттік органның құрылтайшысы – "Сайрам ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, БСН 020940000997
10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
11. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсу ауылы, Абылайхан көшесі 71 үй. Пошталық индексі 160800.
12. Осы ереже "Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
13. "Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
14. "Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субьектілерімен "Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
15. "Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаттары:
1) Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт салаларында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және қажетті жағдайлар жасау болып табылады.
2) Аудан көлемінде мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт салаларын дамыту және ұйымдастыру.
16. Өкілеттіктері:
1) Құқықтары:
- театр, музыка өнері және кино өнері, кітапхана және музей ісі, мәдени-демалыс қызметі саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді; мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
- ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;
- ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
- ауданның мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;
- мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;
- аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлері бойынша аудандық, спорттық жарыстар өткізеді;
- спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1- жасөспірімдік- разрядты спортшы 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді,
- мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі 2-санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегi 2-санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi 2- санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi 2- санатты әдiскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді;
- спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
- халықпен жұмыс істеу үшін дене шынықтыру және спорт жөніндегі нұсқаушылармен қамтамасыз етеді;
- жергілікті мемлекеттік мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2) Міндеттері:
- мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
- Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шаралар қабылдау;
- ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулу арқылы азаматтарды отаншылдыққа және эстетикалық тәрбиелеуге жағдайлар жасау;
- мәдени құндылықтарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету;
- халыққа мәдени қызмет етудің мемлекеттік ең төменгі стандарттарын белгілеу;
- мемлекеттік мәдениет ұйымдарының инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету және материалдық-техникалық базасын нығайту;
- дарынды тұлғаларды қолдауды қамтамасыз ету;
- мәдениет саласында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекеттік қауіпсіздігіне
нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, топтық-тектік және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездікке және зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттауға немесе үгіттеуге жол бермеу жөнінде шаралар қолдану;
- мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастық үшін жағдайлар жасау;
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, азаматтардың ұлттық-мәдени бірлестіктерге қатысу еркіндігін, шетелдегі отандастармен мәдени байланыстарды кеңейтуге қатысуды қоса алғанда, ұлттық және мәдени өзіндік ерекшелігін қорғау және дамыту құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету.
- жеке тұлғалардың спортпен айналысуы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қол жетімді болуы ескеріле отырып, тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда инфрақұрылым жасайды;
- бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықтың қауіпсіз пайдалануына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
- спорт түрлері бойынша оқу-жаттығу жиындарын өткізуді, аудандық құрама командалар даярлауды және олардың облыстық, республикалық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;
- тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз етеді;
- тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында аудандық дене шынықтыру және спорт ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
- спорттық- бұқаралық іс – шаралардың біріңғай өңірлік күнтізбесін іске асырады;
- тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді;
- тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімде облыстың жергілікті атқарушы органына ұсынады;
- аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;
- дене шынықтыру және спорттық іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
17. Функциялары:
- мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт мекемелеріне басшылық;
- мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спортты дамытудың аудандық жоспарларын әзiрлейдi және iске асырады;
- ауданда мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт салаларындағы жағдайды зерттеу және талдау жасау;
- аудандық мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі мәселелерді өз билігімен үйлестіру және шешу.
- "Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс әкімінің, аудан әкімінің актілерін орындау бойынша жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асырады;
- мәдениет, тілдерді дамыту саласындағы Сайрам ауданы әкімдігінің консультативтік-кеңесі органдарының қызметін қамтамасыз етеді; - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізеді;
- театр, музыка және кино өнері, кітапхана және музей ісі, мәдени-демалыс қызмет саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдауды және үйлестіруді жүзеге асырады; - ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;
- ауданның мәдени, спорттық мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;
- мемлекеттік мәдениет, дене шынықтыру ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді; - спорт түрлерi бойынша аудандық деңгейде жарыстар өткiзедi;
- спорттың әр түрi бойынша оқу-жаттығу жиындарын өткізуді, аудандық құрама командаларды дайындауды және олардың облыстық, республикалық спорт жарыстарында өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;
- тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытады;
- Мынадай спорттық разрядтар мен санаттарды бередi: жасөспiрiмдер арасындағы екiншi және үшiншi, бiрiншi, екiншi және үшiншi разрядтар, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi;
- аудандық спорттық-бұқаралық iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарын әзiрлейдi, бекiтедi және iске асырады;
- тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
- тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
- тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк бойынша дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы мәлiметтердi талдап, облыстық атқарушы органға табыс етедi;
- аудан әкімдігінің тиісті бөлімдері үшін консультациялар мен семинарлар өткізеді және әдістемелік материалдар, ұсынымдар даярлауды ұйымдастырады;
- ономастика және терминология мәселелері бойынша аудан әкіміне, аудандық ономастика комиссиясының төрағасына, облыстық тілдерді дамыту басқармасына ономастика және терминология комиссияларына қызметтік хаттар, хабарламалар, есептер, мәліметтер дайындайды;
- қоғамдық өмірдің барлық салаларында мемлекеттік тілдің ендірілуін, іс қағаздарының мемлекеттік тілде жүргізілуін үйлестіру жұмыстарын жүзеге асырады;
- ауданда мемлекеттік тілдің ахуалын талдау-сараптау жасайды және мониторинг жүргізеді;
- өз құзыреті шегінде тиісті анықтамалар, хабарламалар және тағы басқа да құжаттарды, сондай-ақ жоспарланған конференциялардың, семинар кеңестердің, "дөңгелек үстел" мәжілістерінің материалдарын әзірлейді;
- көрнекі ақпарат мәтіндерінің тиісті заңнамалардың талаптарына сәйкес болуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді;
- ауданда мемлекеттік тілде жүргізілетін іс қағаздарының сапасына талдау жасайды, тиісті практикалық және әдістемелік көмектер көрсетеді;
- Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 729-бабы 2-1-тармағында белгіленген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру хаттама толтыру мен іс-қағаздарын жүргізеді;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен маңдайшаларды орналастыру туралы ұсыныстарға келісу немесе уәжді ескерту береді;
- жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3-тарау. Мемлекеттік орган бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
18. "Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол "Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
19. "Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
20. "Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының орынбасары жоқ.
21. "Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкiлеттіктері:
1) Өз өкілеттілігі шегінде мәселелерді қарауға және олар бойынша шешім қабылдауға қатысуға, тиісті органдар мен лауазымды адамдардан олардың орындалуын талап етуге;
2) Мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, уәкілетті органға тікелей бағынады және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауаптылықта болады;
3) Мемлекеттік мекеменің басшысы бірыңғай басшылық принциптерінде қызмет атқарады және Қазақстан Республикасының заңдары мен осы Ережеде белгіленген өзінің құзыретіне сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметі мәселелерін дербес шешеді;
4) Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеменің қызметін жүзеге асыруы кезінде заңдарда белгіленген тәртіппен:
- Мемлекеттік мекеменің атынан сенім хатсыз іс-әрекет етеді;
- Барлық ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіреді;
- Заңдарда белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік етеді;
- Шарттар жасасады;
- Сенімхаттар береді;
- Мемлекеттік мекеменің іс-сапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін көтерудің өзге де түрлері жөніндегі тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
- Банктік шоттар ашады;
- Барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
- Мемлекеттік мекемедегі қызметкерлерге көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;
- Мемлекеттік заңды тұлғаның басшысы қаржы-шаруашылық қызметіне және мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуы үшін жеке жауаптылықта болады;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады;
- Өзіне заңдарда және осы Ережеде жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
"Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
22. Бірінші басшы өзінің сектор меңгерушісінің және мемлекеттік мекеменің өзге қызметкерлерінің өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
23. "Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бөлім басшысы жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады.
4-тарау. Мемлекеттiк органның мүлкi
24. "Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.
Бөлімнің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзіне бекітіліп берілген, өзінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.
25. "Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату
27. "Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
"Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қарамағындағы кәсіпорын мен мекемелердің тізбесі"
1) Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Сайрам аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
2) Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің "Сайрам аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің "Тілдерді оқыту және дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
4) Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің "Ақсу" жекпе-жек спорт клубы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
6-тарау. Жұмыс уақыты.
28. Мемлекеттік органның жұмыс уақыты Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және өзгеде заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.