Шәуілдір ауыл округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шәуілдір ауыл округі әкімінің 2025 жылғы 05 қыркүйектегі №103 "Көшелерге атау беру туралы" шешіміне (Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2025 жылғы "08" қыркүйектегі жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы "Нысанбек Әметбеков" деген сөздер "Әметбек Нысанбеков" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды Шәуілдір ауыл округі әкімінің орынбасары Д.Қайратұлына жүктелсін.
| Ауыл округі әкімі | Ғ.Қыдыр |