Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69 бабының 4-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабының 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес, Төрткүл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының филиалы – Жобаларды басқару дирекциясына Төрткүл ауылдық округі, Төрткүл елді мекенінен ені 2-метр талшықты-оптикалық байланыс желісі құрылысы үшін жалпы көлемі 0,1631 га жер учаскесін, жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскелеріне уақытша өтеусіз қысқа 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Төрткүл ауылдық округі әкімінің орынбасары Н.Құдияровқа жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төрткүл ауылдық округі әкімі | Ө.Мұхтархан |