"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-9 тармағына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-1 бабының 2 тармағына, "Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы №187 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №36186 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Түркістан қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі айқындалсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қалалық мәслихат төрағасы | Ғ.А.Сарсенбаев |
| Түркістан қалалық мәслихатының 2025 жылғы 28 қарашадағы №35/163-VIII шешіміне қосымша |
Түркістан қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып тұрғынжайды меншігіне сатып алу немесе тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын алу құқығын іске асыру үшін Түркістан қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері әрбір көрсетілетін қызметті алушы үшін 1,5 (бір миллион бес жүз мың) миллион теңгеге дейінгі мөлшерде айқындалады.
Тұрғын үй сертификаттары көрсетілетін қызметті алушыларға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама шеңберінде тұрғынжай сатып алған немесе тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын алған кезде өтеусіз және қайтарымсыз негізде ұсынылады.
2. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі:
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 68-бабында айқындалған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар.