Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына сәйкес, "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС-нің сервитут беру туралы өтініш хатын және 01.10.2025 жылғы №KZ20VBG01656536 жер учаскесінің бекітілген жерге орналастыру жобасын негізге ала отырып, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Оңтүстік Жарық Транзит" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, Түркістан қаласы, 160 орам аумағынан, "ПС Яссы 110/110/10кВ қосалқы станциясымен ПС Орталық 210/110/10кВ қосалқы станцияларының аралығындағы 2 тізбекті КЖ-110кВ және 2 тізбекті ӘЖ-110кВ құрылысы" үшін жалпы алаңы 0,8849 га (8849 ш.м.) жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймастан 20 (жиырма) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Жер учаскесі Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатындағы санатына сәйкес, елдi мекендердiң (қалалардың, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң) жерiнде орналасқан.
3. Осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына жолдауды қамтамасыз етсін.
4. "Оңтүстік Жарық Транзит" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Түркістан қаласы әкімдігінің "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жалға беру келісім шартын жасау міндеттелсін.
5. Осы қаулының орындалуы Түркістан қаласы әкімдігінің "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Рабаевқа жүктелсін.
7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | Ә.Пазылбекұлы |