Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабы, 2 - тармағының 10) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түркістан қалалық аумақтық инспекциясының 2025 жылғы 30 шілдедегі №08-02-07/450 санды хатына сәйкес, Түркістан қаласының әкіміШЕШІМ ЕТТІ:
1. Түркістан қаласы, Ә. Ахметов көшесі №88 мекен-жайында "құтыру" ауруының ошақ нәтижесі жойылғанына байланысты, 2025 жылғы 28 мамырда Түркістан қаласы, Ә. Ахметов көшесіне енгізілген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М. Қозыханұлына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Ә. Пазылбекұлы |