Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 18-бабының 5-1-тармағына және 69-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабын негізге ала отырып, Кентау қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "BRAGA group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Кентау қаласы, Қарнақ ауылы аумағынан "Қатты пайдалы қазбаларды барлау үшін" жалпы алаңы 3105,7175 гектар жер учаскесін меншiк иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскесін алып қоймастан 4 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін
2. Осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бір ай мерзімде "BRAGA group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сервитут белгіленген жер учаскелерінің меншiк иелері және жер пайдаланушыларымен сервитутты белгілеу туралы шарт жасассын.
3. "BRAGA group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін бұзылған жерді қалпына келтіру жұмыстарын бір ай мерзімнен кешіктірілмей жүргізуге және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптарды сақтай отырып жүргізуді қамтамасыз етсін.
4. "Кентау қаласының әкімдігінің "Кентау қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғ.Төлепов жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | Ж.Тасов |
| Кентау қаласы әкімдігінің 2025 жылғы "_06_" қарашадағы №__509__ қаулысына қосымша |
№ | Кадастрлық нөмірі | құқық түрі | Нысаналы мақсаты | Жер учаскесінің санаты | Жалпы жер көлемі (га.) | сервитутқа кіретін бөлігі (га.) |
1 | 193040011746 | для ведения крестьянского хозяйства | уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану | Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер | 3000 га жайылым | 1178,3788 |
2 | 193040012066 | для ведения фермерского или крестьянского хозяйства | уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану | Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер | 60 га жайылым | 3,4741 |
3 | 193040012535 | для ведения крестьянского хозяйства | уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану | Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер | 50 га жайылым | 27,9613 |
4 | 193040012680 | для общего пастбища | тұрақты жер пайдалану | Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер | 926 га жайылым | 622,3378 |
5 | 193040012805 | для ведения сельскохозяйственного производства | уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану | Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер | 42 га жайылым | 41,9647 |
ЖАЛПЫ: | 4078.0 жайылым | 1874.1167 |